«Пәтерімді су алды»: Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлерге жауын суы өтіп кетті
Шымкентте тәулік бойы жауған нөсер жауын жаңадан салынып, қолдануға берілген бірнеше үйдің шатырынан өтіп кетті. Кей үйлерде жарық сөндірілген.
Тұран шағын ауданындағы 14-үйдің тұрғыны Ақбаян Құрманбаева үш баласымен тоғызыншы қабатта тұрады. Бір тәуліктен бері жауын суы электр жарығының түбінен сорғалап тұр. Қауіпті болған соң жарық сөндірілген.
- Үш балам бар. Бір күн жауған жауыннан үй суға толды. Алда бір апта жауын жауады деп жатыр. Су кепкенше бір ай уақыт керек дейді. Сонда біз бір ай осылай жарықсыз отырамыз ба? - дейді ол.

Ақбаян пәтерді «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы ұзақ мерзімге несиеге алған. Құрылыс компаниясына шағымданғанымен, нәтиже болмаған.
Жауын суы осы ықшамаудандағы 32 тұрғын үйден де өткен. 5 қабатты үйдің үшінші қабатында екі баласымен тұратын Әйгерім Оразбаева да ішке кірген жауын суынан қабырғалар құлай бастады дейді.
- Таңғы төртке дейін үйге кірген сумен алыстық. Бесінші қабаттағы пәтердің төбесі құлады. 65 пәтердің кемі отызынан су өтті. Мысалы, 2 бөлмелі пәтерге айына 85 мың теңге несие төлеймін. Жалғызбасты анамын. Судан еденім көтеріліп кетті. Енді не істеймін? - дейді ол.
Шымкент қалалық құрылыс басқармасы бұл мәселемен таныс. Басқарма басшысы Мадияр Байымбетовтің айтуынша, негізгі су шатырдан өтіп жатыр. Мердігер компанияға тапсырма беріледі. «Бір аптада қалпына келтіреміз» дейді ол.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті нөсер жауыннан қаладағы 8 көшедегі үйлердің ауласына да су толғанын хабарлады. Одан бөлек негізгі орталық көшелерді де су алғаны жөнінде әлеуметтік желілерде фото, видеолар тарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық