Пәкістанда ядролық бағдарламаның басшысы қайтыс болды
10 қазан күні Пәкістанның ядролық бағдарламасының басшысы саналған ядролық физик Абдул Қадир Хан COVID-19 салдарынан қайтыс болды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Физик жансақтау бөлімінде көз жұмған. Ол Фейсал мешітінде жерленеді. Ханның құрметіне бірнеше еске алу шаралары өтеді.
Батыс барлау қызметкерлері оны әлемдегі ең қауіпті адамдардың бірі деп санайды, себебі ол атом бомбасын жасау технологиясын Солтүстік Кореяға, Иранға және Ливияға берген.
Докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін доктор Абдул Кадир Хан Амстердамдағы URENCO (уран байыту бойынша әлемдегі ірі өндірушілердің бірі) физика зертханасына жұмысқа орналасқан.
1974 жылы Үндістан ядролық қаруды сынақтан өткізгеннен кейін, URENCO-да жоғары лауазымға ие болған Абдул Қадир Хан ядролық қару жасау үшін Пәкістанға оралуға шешім қабылдайды.
1998 жылы 28 мамырда Пәкістан байытылған уранға негізделген алғашқы ядролық бомбасын сынақтан өткізді. 2004 жылы Хан Иранға, Ливияға және Солтүстік Кореяға ядролық құпияны заңсыз бергені үшін тұтқындалды. Бұл жаңалық Пәкістан жұртшылығын таң қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық