«Өзінен 22 жас кіші баланы соққыға жықты»: Баласының құрдасына күш көрсетіп қамауға алынды
Фото: Orda.rz
Алматы облысында 30 жастағы ер адам көршісінің 8 жасар баласын соққыға жығып, қамауға алынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
17 шілде Алматы қаласы «Асыл арман» ықшам ауданында белгісіз ер адам 8 жасар баланы басыннан 2 рет ұрып, аяғын самокатпен сындырды.
«Кешкі сағат 18:00 шамасында балам көшеге ойнауға шығып кетті. 1 сағаттан соң бөтен әйел баламды жетектеп үйге алып келді. Балам ақсаңдап келді. Баламды алып келген әйел «далаға шығыңыз балаңызды белгісіз ер адам ұрды» деді. Мен үйден шықсам ер адам кетіп қалыпты», – деді анасы.
Жанжал екі жасөспірім арасында болған. Екі бала ерегесіп қалған. Көрші бала әкесін шақырып, ер адам үйден шыға салысымен 8 жасар баланың басынан екі рет ұрған. Артынша самокатпен аяғынан ұрды.
«Ұлым алған соққыдан басы айналып құлап, орнынан тұрған сәтте, сол аяғынан самокатпен ұрды. Көшеде өтіп бара жатқан адамдар ұлыма жақтасып, аман алып қалды», – деді анасы.
Күәгерлерлердің айтуы бойынша ер адам қатыгездікпен ұрып, дауыс көтерген. Көрші әйелдер араша түсіп, видеоға түсіріп алды.
«Алынған соққыдан баламның аяғы сынды. Денесі көгеріп, қол-аяғы сырылған. Қатты күйзеліске ұшырады. Ұлым еркін күрестен ҚР жарыстарының жеңімпазы. Бапкердің үміт артқан спортшысы. Тізе сынғандықтан, енді спортқа бара алмайды. Баламның болашағын, қаншама тер төккен еңбегін зая етті», – дейді анасы.


Дәрігерлердің айтуы бойынша балаға енді спортпен айналысуға болмайды.
«Мен әлі балама айтпадым спортқа енді қатыса алмайтындығын. Балам естісе қатты күйзеліске ұшырайды. Себебі балам күреске үлкен сүйіспеншілікпен барады. Бұл ер адам бізге психологиялық және моральдық ауыр зардап шектірді», – деді анасы.
Жанжалдан кейін анасы жедел жәрдем шақырып баланы ауруханаға апарды. 8 жасар баланың аяғы соққыдан кейін сынып кеткен. Дәрігерлер балаға гипс салып берді. Зардап шегуші 8 жасар балаға тізесінде киста болғандықтан операция жасалынуы керек болған. Аяғының сынуына байланысты операцияны дәрігерлер 2 айға шегерді.
Айыпталушы бұл оқиғадан соң кешірім сұрап келмеген. Анасы Қарасай аудандық полиция басқармасына арыз жазды.
Orda.kz Қарасай аудандық полиция басқармасының баспасөз қызметімен байланысқа шықты.
«Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің ауласында жас балаға соққы берген ер адамды ұстады және полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті, 30 жастағы жергілікті тұрғын, УҰИ-на қамалды» деп мәлімдеді Қарасай аудандық полиция басқармасы.
Қазіргі таңда тергеу амалдарын Қарасай ауданы ПБ АБ бастығы полиция капитаны Бибазаров Қуандық Амангелдіұлы жүргізуде.
Алдағы уақытта Orda.kz оқиғаны өз назарында ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық