Өзіне қол жұмсаған Бақыт Ибрагимнің тағы бір үйі Алматыда сатылымға шығарылды
Фото: Sauda.e-qazyna.kz
5 наурызда электрондық сауда порталында 2024 жылы өзіне қол жұмсаған банкир Бақыт Ибрагимге тиесілі болған үйдің сатылымға шығарылғаны туралы хабарландыру пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сауда-саттық бетінде жарияланған мәліметке сәйкес, аукционға Алматының Бостандық ауданында орналасқан, жалпы ауданы 553,6 шаршы метр тұрғын үй қойылды. Нысанның бастапқы бағасы – 1 миллиард 381,8 миллион теңге. Сауда бағаны төмендету әдісі бойынша өтеді. Үйді сатып алу үшін ең төменгі баға – 230,3 миллион теңге. Аукцион 26 наурызда басталады.

Аукционға тек бір сатып алушы қатысса да, ол өтеді. Карғалы ықшам ауданындағы үймен бірге 0,14 гектар жер учаскесі мен шаруашылық құрылыстары да сатылады. Мүлікті бағалау есебіне сәйкес, үйдің нарықтық құны – 460,6 миллион теңге.
Үй 2011 жылы салынған, жағдайы қанағаттанарлық, көлік қатынасы жақсы ауданда орналасқан. Негізгі ғимараттан бөлек, учаскеде күзетші үйі, бассейн және терраса бар, барлық коммуникациялар тартылған.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Карғалы ықшам ауданындағы үй Бақыт Ибрагимге тиесілі болған. Ол Qazaq Banki банкінің банкротқа ұшыраған бұрынғы негізгі акционері.
«Объект коммуналдық меншікке қабылданып, Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына бекітілді. 2024 жылғы 23 ақпандағы әкімдік қаулысымен үй Ибрагим Бақыт Жасұзақұлына тиесілі деп танылды. Нысан 2024 жылдың 15 қазанында Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының атына тіркелді. Коммуналдық меншікті жекешелендіруден түскен қаражат жергілікті бюджетке аударылады», деп түсіндірді әкімідік.
Бақыт Ибрагим 2018 жылы Германияда Қазақстан құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша ұсталды. Оны соттап, 2020 жылы RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырды. Айыптау актісі 3,6 мың беттен тұрды.
Экс-банкир 2023 жылы бостандыққа шыққан, бірақ көп ұзамай 2024 жылдың наурызында Алматыдағы жалдамалы пәтерінде қайтыс болды. Өлім алдында ол жиеніне қоңырау шалып, өз-өзіне қол жұмсайтынын және оның үстінен қайта тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан.
Бақыт Ибрагимге тиесілі болған тағы бір үй, ол да Алматыда, 2024 жылдың қазанында аукционға шығарылған. Медеу ауданындағы коттедждің бастапқы бағасы 380,3 миллион теңге болған. Сонымен қатар, бизнесменнен заңсыз алынған Шымкенттегі жер учаскесі де мемлекет меншігіне қайтарылып, оған қатысты шешім қабылданды.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы