«Өзі де бар»: Швецияда ер адам 10 адамды атып өлтірді
Фото: freepik.com
Швецияның Эребро қаласындағы ересектерге арналған оқу орталығында атыс болды, деп хабарлайды Orda.kz bbc-ге сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай салдарынан 10-ға жуық адам қаза тапты.
Жергілікті басылымдарда бірнеше адам қаза тапқаны туралы хабарламалар бірнеше сағат бұрын айтылды. Бірақ ресми түрде тек алты адам мерт болғаны хабарланды. Қалалық полиция бастығы Роберто Эйд Форест осы оқиғаның салдарынан 10 адам қаза тапқанын растады. Олардың арасында шабуылдаушының өзі де бар. Атысты ұйымдастырған адамның қандай да бір топпен байланысы болмаған.
«Біздің ойымызша, қылмыскер жалғыз болды. Бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймын. Іс тергелуі керек», - деді Форест.
Шұғыл шақырылған баспасөз мәслихатында Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон құрбан болғандардың саны бойынша бұндай атыс ел тарихында бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді.
«Қазір басты күдікті-қаза тапқандардың бірі. Біз оның неліктен бұндай әрекетке барғанын білмейміз», - деді премьер-министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық