Өзбекстанда депутат өзбек тілін білмейтіндерге мемлекеттік қызмет көрсетпеуді ұсынды
Фото: repost.uz
Ол Ресей мемлекеттік Думасының спикеріне осылай деп жауап берді.
Бірнеше күн бұрын Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин Ресейге жұмыс істеуге келетін адамдар орыс тілін білуі керек деген болатын. Бұған жауап ретінде Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы вице-спикерінің орынбасары Әлішер Қадыров өзбек тілін білуге қатысты өз ұсынысын білдірді. Ол өзінің телеграм-каналында былай деп жазды:
«Әрине, Ресейге жұмыс істеуге баратындар орыс тілін білуі керек, бірақ бұл Өзбекстанда тұратын орыстар өзбек тілін білмеуі керек дегенді білдірмейді! Өзбекстанда тұратын барлық ұлттың азаматтары өзбек тілін білуі керек»
Оның пікірінше, өзбек тілін азаматтардың оқуы міндетті деп заңды түрде нақтылау қажет.
Қадыровтың тағы бір ұсынысы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты.
«Біз өзбек тілін білмейтін адамның мемлекеттік қызметте жұмыс істеп қана қоймай, мемлекеттік қызметтерді де пайдалануына жол бермеуіміз керек» деп жазды депутат.
Сонымен қатар, 2021 жылғы ресми статистикаға сәйкес, Қадыров атап өткен ресейліктер Өзбекстанда саны бойынша бесінші халық қана. Олар халықтың 2,1 пайызын ғана құрайды. Өзбекстандағы ең көп этникалық азшылықтар – тәжіктер, қазақтар және қарақалпақтар.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты