Өзбекстан имамдарына әлеуметтік желілерді қолдануға шектеу қойылды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарға әлеуметтік желілерді қолдануға шектеу қойды. Мұның алдында кейбір имам желідегі сөзі үшін дауға қалған болатын.
Бұл жөніне «Радио Озодлик» жазды.
27 мамырда Өзбекстан мешіттеріндегі имамдар әлеуметтік желілерге кірмеу және ондағы жазбаларға «лайк» баспау туралы ескерту алды.
Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтың Telegram-да аудандардың бас имамдарына жіберген аудиосы тарады. Онда Рустамов имамдардың желідегі сөздері қатаң бақылауда екенін айтты.
«Сәлеметсіздер ма, құрметті аудан бас имамдары! Біздің келесі тапсырмамыз – әлеуметтік желілерге кірмеу. Мұны қатаң түрде бақылаймыз. Қажыға баратындарға да мұның қатысы бар… Әлеуметтік желіде кез келген тақырыпқа «лайк» қоюға болмайды»,- деді Рустамов.
Имамдар діни басқарма шешімін олардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту деп санайды.
«Олар мұны мүфтидің бұйрығы дейді. Қол-аяғымызды байлап жатыр»,- дейді ташкенттік имам.
Бұған дейін Өзбекстанда мешіт имамдары мен олардың орынбасарлары жеке төлқұжаттарын елдегі мұсылмандар діни басқармасы өкілдеріне өткізсін деген пәрмен түскені жөнінде хабар тарады. Мұның себебін имамдардың шетелге кетуіне жол бермеу деп түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық