Өзбекстан билігі Рамзан Қадыровтың кешірім сұрауын күтіп отыр
Фото: AP Photo
Өзбекстан парламентінің депутаты Одилжон Тожиев Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың мәлімдемесін елдің ішкі істеріне араласу деп бағалап, қатаң сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттың айтуынша, мұндай әрекеттер Өзбекстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізіп, екі ел халқының байланысына нұқсан келтіруі мүмкін.
«Мен Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың Өзбекстанның ішкі істеріне араласуын, мемлекеттік қызметкерлерге қысым көрсетіп, қауіп төндіруін қатаң түрде айыптаймын. Мұндай әрекеттер дос боп отырған екі мемлекеттің қарым-қатынасын бұзып, халықтар арасындағы достықты әлсіретуі мүмкін», – деп мәлімдеді Тожиев.
Бұған дейін Рамазан Қадыров «сыртқы күштер Өзбекстанның тұрақтылығын бұзуға әрекеттеніп жатыр» деп, президенттің қызы мен күйеу баласының билікке ұмтылуы туралы қауесеттерді «жоспарланған сценарий» деп атады. Бұл сценарийлерді ол Батыс қолдайтын «түрлі-түсті төңкерістерге» ұқсатып, мұндай процестер ұсақ қақтығыстардан басталатынын ескертті.
Сонымен қатар, Қадыров Өзбекстанның бұрынғы шенеунігі Комил Алламжоновқа қастандық жасауға Шешенстанның қатысы бар деген айыптауларды жоққа шығарып, бұл ақпараттарды «арандатушылық» деп атады. Ол осындай жалған мәлімдемелердің артында кім тұрғанын анықтауға уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық