Өзбекстан билігі Гүлнәр Кәрімованың активтерін қайда жұмсайтынын шешті
Фото: Wikimedia Commons
Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнәр Кәрімованың Швейцариядан қайтарылған активтерінің 20 млн доллары ауыл мектептерін қайта құруға жұмсалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәрімованың активтерін қадағалайтын «Ишонч» («Сенім») қорында мектептерге ақша бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігі хабарлады.
20 млн доллар осы жылдың 1 қазанынан бастап Өзбекстанда басталатын «Мектептердегі климат пен сумен жабдықтауға, санитарлық пен гигиенаға төзімділікті модельдеу» жобасына бағытталады. Бұл ақшаға республика бойынша 45 ауыл мектебі жөнделеді. Мекемелер сумен, жылумен және экологиялық таза энергия көздерімен қамтамасыз етіледі.
Өзбекстанда жыл сайын оқушылар саны артып келеді. Бір жарым миллионға жуық бала суы мен жылуы жоқ мектептерде оқиды.
Айта кетейік, тамыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында жасырын жерасты жолын салғандар сотталды.
Жаңалықтар
- 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылады
- «Қайрат» клубы мәлімдеме жасады: Канье Уэсттің концерті келісілмеген
- Не себепті Қазақстан банктері зейнеткерлерге несие беру рәсімін күрделендірді?
- Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысып, сөз сөйледі
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
- Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіріп таратқан
- Президент Қытайда: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытамыз»
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды