Өз-өзін өртемек болған ананың ісін прокурор неге қарамайды?
Фото: Orda.kz.
Алматы әкімдігінің алдында өз-өзін өртемек болған көпбалалы ананың ісіне байланысты Orda.kz сауалына қала прокуратурасы жауап берді. Ведомство бұл даудың прокурор қатысуы міндетті істердің қатарына жатпайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, 13 қазан күні Алматы әкімдігінің алдында 39 жастағы төрт баланың анасы Жанар Қалжанова өз-өзін өртемек болған. Ол соттан әділетсіздік көргенін айтып, әкімдікке 2025 жылдың мамыр айынан бері шағымданғанын жеткізген. Кейін әкімдік Қалжановаға тиісті әлеуметтік көмек көрсетілгенін мәлімдеген.
Қалжанованың айтуынша, 2021 жылы оны жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен. Салдарынан ол 12 апталық жүктілігінен айырылып, аяғын сындырып алған. Кейін төрт рет ота жасалып, соның салдарынан жатыры алынып тасталған. Әйелдің сөзінше, көлікті белгілі адамның қызы басқарған.
Бұл іс Түрксіб аудандық сотында қаралып, шешім Қалжанованың пайдасына шыққан. Сот айыпталушыны моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттеген. Алайда екінші тарап шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Нәтижесінде қалалық сот аудандық соттың үкімін жойып, істі өзгеше шешкен. Қалжанова бұл шешіммен де келіспей, кассациялық шағым бергенімен, сот қаулысы өзгеріссіз қалған.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, Қалжанованың Күшіковаға қарсы шағымына қатысты Жоғарғы сот 2024 жылғы 5 ақпанда істі қайта қарауға рұқсат бермеген.
«2023 жылғы 30 наурызда Түрксіб аудандық соты Ж.Қалжанованың арызын ішінара қанағаттандырып, А.Күшіковадан 1 320 000 теңге материалдық және 300 000 теңге моральдық өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарған. Алайда 2023 жылғы 17 шілдеде азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бұл шешімнің 1 320 000 теңгеге қатысты бөлігін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тартқан. 2024 жылғы 5 ақпанда Жоғарғы сот істі қайта қарауға рұқсат бермеді», деп хабарлады прокуратура.
Ведомство түсіндіргендей, азаматтық процестік кодекстің 54-бабына сәйкес, прокурор азаматтық істердің барлығына қатыспайды. Ол тек мемлекет мүддесі қозғалғанда, қоғамдық маңызы бар жағдайларда немесе өз мүддесін өзі қорғай алмайтын тұлғалардың құқықтарын қорғау қажет болғанда ғана қатысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық