Оқу жылын қысқартқаны үшін Білім министрлігін сотқа берді
Мектеп оқушыларының ата-аналары оқу жылын қысқартқаны үшін Білім министрлігін сотқа бермек.
Келесі аптада алматылық мектеп оқушыларының кемінде 20 шақты ата-анасы Білім министрлігіне қарсы топтық шағым түсірмекші.
Бұл туралы Orda.kz тілшісіне алматылықтардың мүддесін қорғайтын адвокат Жангелді Сүлейманов айтты.
«Мен 31 мамырға дейін оқу жылының аяқталуына қарсылық білдірген ата-аналар қауымдастығын құру туралы бастама көтердім. Қазірдің өзінде мені 600 адам қолдады, олардың 20-сы атынан келесі аптада Білім министрлігіне шағым түсіремін, оқу жылының аяқталуын 25 мамырға қайтарылуынталап етемін», - деді Сүлейманов.
Ол талап арызда білім беру ұйымдары тарапынан мектеп оқушылары мен ата-аналардың құқықтарын бұзу фактілері де көрсетілетінін атап өтті. Атап айтқанда, құжатта тым ауыр рюкзактарға, толып жатқан қосымшаларға және талапқа сай жабдықталмаған дәретханаларға баса назар аударылады.
«Мұндай заңбұзушылықтар жеткілікті, менің ойымша, алдымен олардан құтылып, барлығын қалпына келтіру қажет, содан кейін ғана оқу жылын ұзарту немесе ұзартпау туралы шешім қабылдау керек», - деп қосты заңгер.
Оның айтуынша, ата-аналардың өздері бірнеше себептермен 36 апталық оқу жылына қарсы. Біріншіден, олар оны ұзарту оқу үдерісін жақсартуға әсер еткен жоқ деп есептейді. Екіншіден, оқу жоспары әлі 25 мамырға дейін есептеліп, одан кейін балалар оқулықтарын тапсырып тастайды, бірқатар мектептерде сабақ болмайды. Үшіншіден, ата-аналардың айтуынша, мамыр айының соңғы апталарында ауа температурасының жоғарылауына байланысты балалар мектепте өзін жақсы сезінбейді, зейінсіз, немқұрайлылық танытып, сыныпта дау-дамайлар көбейген.
Сондай-ақ, ол алматылықтар қосымша екі апта оқуға байланысты балалардың таза ауада аз уақыт өткізгенін, ал кейбір отбасылардың жоспарланған демалыстарын өткізіп алғанын атап өтті.
Еске салайық, оқу жылын 34 аптадан 36 аптаға ұзарту туралы шешім 2022 жылы оқу процесін ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру, яғни мектеп оқушыларына түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданған болатын.
Осыдан кейін Білім министрлігіне оқу жылының аяқталу мерзімін қайта қарау туралы өтініштер түсе бастады. Мамыр айында мекеме уақыт бойынша соңғы шешім ғылыми тұрғыдан алынғанын, дегенмен балалар мүддесі үшін қабылданатынын айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық