Отбасылық құндылықтарды насихаттау
Алматы мемлекеттік энергетика жəне электронды технологиялар колледжі отбасы күнін атап өтті. Аталған оқу орнында бұл мереке дәстүрге айналған. Мереке туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз пікірін білдірді.
Колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Нәзира Тоғайбаева мерекенің негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау екенін атап өтті . Ол кісінің айтуынша осындай іс-шаралар барысында студенттердің ата-аналары мен ұстаздары еркін пікір алмасып, бір-бірін жақыннан тани түседі.
— Мереке бірнеше кезеңнен тұрады: спорттық жарыстар, концерт, көрме. Соңынан ерекше белсенді ата-аналарды марапаттаймыз. Мерекенің ең қызықты сәттерінің бірі - спорттық жарыстар. Онда ата-аналардан құралған командалар өзара сайысад, - дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нәзира Тоғайбаева.
Колледжде 4 бөлім бар: электрэнергиялық, радиотехникалық, жылуэнергетикалық, менеджмент және ақпараттық технологиялар бөлімі. Жыл сайынғы өтетін осындай шығармашылық жарыстарда балалар өз қолдарынан шыққан макеттерін ұсынады.

Назира Тоғайбаева осындай өтіп тұратын шығармашылық сайыстардың басты мақсаты қолөнерді дәріптеу екенін баса айтып, қолөнерді заманауи бағытта қолдануды үйрену қажеттігін еске салды.
— Негізінен қолөнер бағыты бойынша көптеген қазақи дәстүрлер ұмытылып барады. Біздегі халықаралық шығармашылық сайыстардың басты мақсаты - қолөнерді жаңғырту мен дәріптеу. Сайыстар арқылы өскелең ұрпаққа қолөнерді заманауи бағытта қолдануды насихаттаймыз. Студенттердің ата-аналары ертеде қолданылған құрал-саймандар мен технологияларды көріп еске алады, - деді Нәзира Тоғайбаева.
Аталған оқу орны ата-аналардың қолдауы арқылы ескі қолөнер дәстүрлерін жаңғыртуды қолға алған. Мереке соңы дәстүрлі түрде әр бастамаға қолдау білдірген ата-аналарды мараппатаумен аяқталды. Колледж мұғалімдері ата-аналарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық