Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
2026 жылғы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Отар ауылдық округіндегі Гвардейский кентінде орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігінің №21450 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметкер Қапар Есбол Қалыбекұлы соққыға жығылып, ауыр дене жарақатын алған. Оның жақ сүйегі сынып, ота жасалғаннан кейін оны әскерилер екі апта жалдамалы пәтерде ұстаған.
Orda.kz редакциясына Қапар Есболдың қорғаушысы Ғабит Өмірбеков сұхбат беріп, істің бұрмаланып жатқанын айтты. Оқиғаға бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметкері, сержант Сайланұлы Айдынның қатысы бар екені мәлім болды.
Қақтығыс қалай басталған?
Сержант Сайланұлы Айдын мерзімді әскери қызметкер Есбол Қапарды сапта тұрған кезінде бірнеше рет балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
«Есбол, оның әрдайым осылай балағаттауына намыстанып, оған сөз қайтарған. Осы кезден бастап екеуінің орталарында түсінбеушілік туындаған. Кейін, сержант Сайланұлы Айдын, қатардағы жауынгер Есболды жеке шақырып оған сөз қайтарғаны үшін және әріптестерінің алдында абыройын түсіргені үшін Есболды көрген сайын балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтатынын жеткізген», - дейді адвокат Ғабит.
Спортзалдағы соққы
10 қаңтар күні күндіз сержант Сайланұлы Айдын басқа сарбаздардың көзінше Қапардың намысына тиетін сөздер айтып, тиісе берген. Қапар оның сөздеріне мән бермей, елемеуге тырысқан.
Алайда бұл жағдай сержанттың ашуын күшейткен. Ол Есболмен жеке сөйлесетінін айтқан.
«Сол күні сағат 17:00 шамасында №21450 әскери бөлімінің екінші казармасының спорт залына сержант Сайланұлы Айдын мерзімді әскери қызметкер Қапар Есбол Қалыбекұлын ертіп келген. Сайланұлы Айдынның қасында екі таныс емес сержанттар болған. Бірақ спортзал ішіне тек Сайланұлы Айдын мен Есбол екеуі кірген. Сол кезде Сайланұлы Айдын, Есболдың бетінен шапалақпен тартып жіберген. Осы соққыдан кейін Есбол Айдынды итеріп жіберген кезінде, Есболдың бет тұсынан темірмен ұрған. Соққы Есболдың арт жағынан жасалған», - деді Ғабит.
Соққыдан кейін Есбол тізерлеп отырып қалған. Осы кезде сержант Айдын оның тұмсығына аяғымен тағы бір соққы жасап, оқиға орнынан кетіп қалған. Сөйтіп Есбол тек жағыннан ғана емес бірнеше жерінен соққы алған екен.
Ғабит мырзаның айтуынша Есболды қатардағы бірге әскери борышын атқарып жүрген сарбаз соққыға жығып, соққы алған деп істі бұрмалап жатыр екен.
Қылмыстық іс тіркелді
Аталған дерек бойынша ҚР Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің (арнайы прокурорлар) бөлімінде қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Оқи отырыңыздар:
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық