Отарда комаға түскен сарбаздың сот отырысы неліктен ұзартылды?
Фото: Orda.kz
Алматы гарнизонындағы әскери прокуратура Отарда қатардағы сарбаз Ержігітті ұрып, комаға түсірген сержантқа қатысты іс жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 17 мамырда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, Отардағы 30/212 әскери бөлімшесіне қабылданды. Әскер қатарына қабылданғанына 1 ай толмай жансақтау бөліміне түсті. 29 маусымда ант қабылдауы керек еді. Бірақ 9 маусымда оның комаға түскені туралы хабар келді. Тамағы құрғап тұрғанын сезіп ол тамағына дәрі шашқан. Ержігіттің айтуынша қалтасына дәріні салып жатқан кезде оны кіші сержант Дастан Тұрлан байқап, ішінен, оң жақ көкірегінен ұрған. Салдарынан Нұржігіт қатты ауырып, жағдайы нашарлап, соңында жансақтау бөліміне түсті.
Қазір Дастан Тұрланның үстінен Қылмыстың кодекстің 451-бабы «Билікті асыра пайдалану» бойынша іс қозғалды. Алайда жәбірленуші тарап істі 451-баптың 2-тармағына, яғни «Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланудеп» ауыстырғысы келеді.
Қордайда Ержігітті қабылдап алған реанимотологтан жауап алынды.
«Ержігітті қабылдағанымда оның шағымы ауа жетіспеушілігі мен оң жақ қабырға асты (соққы тиген жері) қатты ауырып тұрғанына шағымданды. Мен хиругтармен ақылдасып КТ түсірдік. КТ қорытындысы бойынша 48 пайыз пневманиямен зақымдалған деп тұр. Мен өз бетімше шешім шығара алмаймын», - деді реаниматолог Воржев Александр.
Кезекті сот отырысында Прокурор Сұлтанкұлов Алпамыс қайта экспертиза жасатуға өтініш білдірді. Себебі осы уақытқа дейін жасалынған екі экспериза, екі эксперттің қорытындылары әртүрлі болғандықтан үшінші қорытынды экспертиза жасатпақ.
Судья Абдуллин Ержан зардап шеккен тараптың өтінішін, яғни қайта үшінші экспериза жасатуға рұқсат берді.
Енді үшінші экспертизаның қорытындысымен шешім шығарылады.
Бүгінгі сот отырысында сөз жарысы болуы керек еді. Үшінші экспертиза жасалатын болғандықтан сот ұзартылды. Адвокаттар сот шешімін 2025 жылдың қаңтар айында шығып қалар деген болжаммен отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық