Отарда комаға түскен сарбаз: Дәрігерлер тексерместен медициналық қорытынды шығарды
Фото: Orda.kz
Алматы гарнизонының әскери сотында Отарда әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен Нұржігіт Әбділпаттаның ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сотта дәрігерлерден және Отардағы жауапты сержанттардан жауап алынды. Пульманолог дәрігер сот отырысында сарбазды тексерместен медициналық қорытындыны қолдан жасап бергенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 17 мамырда әскерге аттанып, Отардағы 30/212 әскери бөлімшесіне барады. Әскерге барғанына 23 күннен кейін 9 маусымда ата-анасына комаға түскені туралы хабар келді. Нұржігіттің айтуынша, тамағына дәрі сеуіп, қалтасына қолын салған бетте кіші сержант Дастан Тұрлан келіп, ішінен, оң жақ көкірегінен ұрған. Алған соққыдан кейін Нұржігіттің жағдайы нашарлап, мұрнынан қан кетіп, тершеңдік басып, қызуы көтеріліп комаға түсті.
Кезекті сот отырысында пульмонолог Сағыныш Нұрғабылова жауап алынып, Нұржігіттің соққы алмаса да комаға түсетінін айтты.
«Нұржігіттің сырқатының алғашқы белгілері 15-18 мамырда байқалған. Тамағы қышып, соған дәрі сепкен. Оның бәрі ұрғанға дейін болды. 4-5 маусымдарда басы ауырып, әлсіздік сезінген. Оң жақ полисегменталды пневмония деген диагнозы қойылған. Алғашында вирусты сипатта болыпты, кейін бактерия енген. Пневмонияның бірнеше сатысы бар. Рентген түсіріліміне қарасақ, 4-5 күн ауырған. Ол соққы жемей тұрып өкпесі қабынып ауыра бастаған. Соққы өкпенің қабынғанына әсер етпейді, соққыдан олай болуы мүмкін емес. Соққы жемесе де солай болар еді. Мұндай аурудың комаға әкеп соғатын кездері де болады», – деді дәрігер Сағыныш Нұрғабылова.
Ал жәбірленуші сарбаз оқиға болардан бұрын дәрігерлерге ауырғанын айтып шағымданбаған. Әбділпаттаның анасының айтуынша, инфекционист те, пульмонолог та жағдайы ауыр болып келген сарбазды тікелей тексермеген. Ал инфекционист Сағыныш Нұрғабылова да сырқатты бетпе-бет көрмегенін, ауру тарихын бір күн қопарып, осындай тұжырым жасағанын айтты.
«Сарбаз госпитальға келгенде есін білген. Мен өзім сарбазды көрген жоқпын. Маған үш сөмке құжат әкелді, қайтсең-сөйт қорытынды жаса деді. Мен көз майымды тауысып, біраз уақыт сол құжаттармен танысып қорытынды жасадым. Мен ешнәрсені ойымнан құрастырған жоқпын», - деді Нұрғабылова.
Сарбаздың денсаулығына қатысты қорытындыны инфекционист пен пульмонолог бірдей етіп жазып берген. Адвокат сот залында қорытындыны үтір нүктесіне дейін көшіріп бергенін және өз тәжрібиесі мен біліміне сүйеніп өз тарапынан ешнәрсе қоспағанын айтты.
Жәбірленуші тарап дәрігердің айтқанына келіспейді. Олар көп нәрсе бұрмаланып жатыр деп санайды.
«Рентген бұған дейін жасалмаған. Әбден комаға түсейін деп жағдайы ушыққан кезде жасатты. Баламды көрмеген адамның қағазға қарап қорытынды шығарғаны дұрыс емес деп ойлаймын. «Өзіңіз солай бәрін соққыға жауып отырсыз» дей береді. Сұрақтарыма нақты жауап ала алмадым», – деді Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина.
Ал Нұржігіт Әбділпатта есі кіресілі-шығасылы жатып, дәрігерлерге не деп жауап бергені есінде жоқ екенін айтты.
«Мен соққы жегенге дейін ешқашан денсаулығыма шағымданған емеспін. КТ түсірген соң дәрігерлер ауру бұдан бұрын болған дегенді шығарып алды. Мен соққы жеген соң екі күннен кейін госпитальға қатты ауырып келгенде олар сұрады, бірақ ол жерде не айтқаным есімде жоқ», - деді Нұржігіт Әбділпатта.
5 желтоқсан осы істің 3-ші отырысы өтті. Сот отырысынан Нұржігіттің отбасы көңіл күйлері түсіп шықты. Себебі ата-анасы сотта ақпараттардың бұрмаланып іске қатысы жоқ адамдардың куәлік беріп жатқанына наразы.
Алдағы уақытта Orda.kz редакциясы осы істі назарында ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық