«Отанымды сатпадым, билікті басып алуға қатыспадым» - ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Садықұлов тергеу изоляторынан хат жазды
Қамауда отырған ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов Отанға опасыздық жасамағаны туралы өтініш хат жазды.
Orda.kz. редакциясына 16 жылға сотталған Садықұловтың өзі жазған хат келіп түсті. Сот шешімі 24 сәуірде Астана қалалық сотының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған:
«А.Садықұлов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті - 16 жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған».

Садықұловпен бірге Кәрім Мәсімовке және оның екі орынбасарына сот жазасы кесілді. Бірақ сот процесі «өте құпия» өтіп, айыптау жайын, ақтау сөздерін ешкім естіген жоқ. Ал бүгін Садықұловтан арыз хат келді, ол әлі де жағдайды өзгертуге үміттенетін көрінеді.
2023 жылғы 15 мамырдағы мәлімдемесінде Садықұлов жұрт алдында: «Мен Отаныма опасыздық жасаған жоқпын, билікті басып алған жоқпын» деп сендіреді. Белгілі бір айғағы, аты-жөні және қолтаңбасы бар бұл парақты экс-төраға орынбасары өз қолымен жазып, адвокаттар арқылы жеткізген. Мұны оның әйелі Диана Хамзина да растады.

«Мен үкіммен түбегейлі келіспеймін, өйткені мен бұл қылмыстарды жасаған жоқпын. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған жарияланымдарды ескере отырып, осы мәлімдемеммен барлығына үндеу жолдаймын. Отанымды сатпадым, билікті басып алған жоқпын. Мен өмір бойы Отаныма – Қазақстан Республикасына адал қызмет еттмі», – деп жазады Садықұлов.
Ол «дөрекі әділетсіздік пен беделін түсіру және заң бұзушылыққа» тап болғанына сенімді. Дегенмен, экс-төрағаның орынбасары егжей-тегжейлі айтып отырған жоқ. Тілшімен сөйлескен отбасы өкілінің түсіндіруінше: іс құпия, сондықтан егжей-тегжейлер туралы баяндаудың салдары болуы мүмкін. Қазір сотталушының адвокаттары аппеляциялық шағым түсірді, сот процесі қайтадан қолға алынып, жаңа кезеңі болады деп болжануда. Бұған ҰҚК төрағасы орынбасарының өзі қатты үміт артып отыр.
«Президент пен халық барлық шындықты ашады деп үміттенемін және сенімдімін», - деп жазған Садықұлов өзіне сеніп, моральдық қолдау көрсеткендерге алғысын білдіреді.
Айта кетейік, Садықұлов та Мәсімов сияқты қаңтар оқиғасы ісіне қатысты тергелуде. Екеуі де мемлекетке опасыздық жасады (Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі), Қазақстан Республикасындағы билікті күштеп басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚР ҚК 3-тармағы) ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі) деп айыпталуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық