Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау
7-ші жыл сайынғы ULTTYQ ÓNIM көрмесінде микро, шағын және орта бизнестің 320-ға жуық өкілі отандық тауарлар мен қызметтерді ұсынады.
5-7 мамыр аралығында Алматыдағы «Атакент» Іскерлік ынтымақтастық орталығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен отандық тауар өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM жетінші жыл сайынғы көрмесі өтуде. Шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.
Бүгін азық-түлік өнімдерін, киім-кешек пен аяқ киім, жиһаз, құрылыс материалдарын, машина жасау үшін құрал-жабдықтарды, химия өнеркәсібі өнімдерін және тағы басқаларын шығаратын кәсіпорындар өз өнімін ұсынуда.
Ауқымды көрменің ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген Ерұлан Кенжебекұлы кәсіпкерлікті дамыту басым бағыт екенін, сонымен қатар ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы болатынын атап өтті.
Көрмеге өнімдері қойылған кәсіпкерлер жаңа әлеуетті тұтынушыларды табуға, қалыптасқан байланыстарды нығайтуға және іскер серіктестер табуға мүмкіндік алады. Көптеген кәсіпорындар үшін көрмеге қатысу – өз өнімдерін немесе қызметтерін танымал ету, сондай-ақ бір саланың адамдары арасындағы қарым-қатынас, жаңа таныстар мен идеялар арқылы «жарнамалаудың» тағы бір жолы. Іскерліктен басқа, көрмеге қатысу тұтынушылар мен олардың не күтетіні туралы көбірек білуге, өнімдер туралы жылдам кері байланыс алуға, ең бастысы, ұқсас өнімдерді өндірушілермен танысуға мүмкіндік алады.
Көрме 7 мамырға дейін жалғасады. Көме аясында кәсіпкерлер үшін қазақстандық сарапшылардан маркетинг, адам ресурстары, ұтымды өндіріс салаларында іскерлік келіссөздер, шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылады. Ал келушілер қазақстандық өндірушілердің тауарларын өз көздерімен көріп, ұстап көріп, сатып ала-алады. Сонымен қатар көрмеде жаңалықтармен танысу; қазақстандық дизайнерлердің сән көрсетілімін тамашалау; «Халық таңдауы» дәм тату байқауына қатысу; қатысушы компаниялардан бағалы сыйлықтар ұтысында қатысу мүмкіндіктері бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара оң нәтиже мен микро, шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға жаңа серпін береді, бұл ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да сұранысты қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық