Отандық ғалымдар қуаңшылықпен күресу әдісін тапты
Шығыс Қазақстан облысының агрономдары мен ғылыми-қызметкерлері жердің ылғалдылығын сақтайтын био-препараттарды тәжірибе ретінде сынақтан өткізуде.
Бұл туралы Orda.kz ақпараттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Бұл әдісті мамандар әзірше дәнді және майлы дақылдардың бірнеше түріне пайдалануда. Био-органикалық негізде жасалған жаңа препарат алқапқа жаңбырлату арқылы сумен бірге себіледі. Ең бастысы өсімдіктің сабағы мен жапырағына сіңген ылғал оның тамырына жиналып ұзақ уақыт сақталады. Бұл кез келген дақылды қуаңшылық пен құрғап кетуден сақтайды. Өсімдік тамырының жуандап, тереңге кетуіне де септігін тигізеді. Сонымен қатар егіс алқабын аурудан қорғайды.
Ғылыми-зерттеу станциясының сарапшылары жаңа препаратты екінші тәжірибеден өткізіп жатыр. Былтыр бидай мен күнбағысқа қолданылған екен. Нәтижесінде кейбір алқаптарда бидайдың түсімі 20 есеге дейін артқан. Ал биыл бірінші жыл картопқа қолданылған.
— Былтыр да біздің өңірде құрғақшылық болды. Бірақ біз егіс алқаптарына құрғашылыққа қарсы био-препарат қолдандық. Ол өсімдіктің тамыр жүйесін нығайтып, ылғалды ұзақ сақтайды. Осылайша жоспарлағаннан бірнеше есе көп түсім алдық. Бұл жобаны болашақта жетілдіре бермекпіз, – дейді ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының сарпашысы Ғайнұр Тоқтаров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық