Қостанайлық тұрғын досын өлтіріп, денесін екі ай бойы үйінде сақтаған
Қостанай облысында досын өлтіріп, мәйітін екі ай бойы үйінде ұстаған адам сотталды.
Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Қостанайлық тұрғын былтыр желтоқсан айында досымен төбелесіп, оны темір құбырмен ұрып өлтірген. Келесі күні мәйітті жазғы ас үйде жасырған. Туыстары мен полицейлердің жәбірленушіні іздеп жатқанын естіп, денені үйінен 300 метр жерде қармен көміп тастаған.
Прокурорлар күдіктіге қатысты 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот бұл талапты толық қанағаттандырды.
Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа төрт миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.
– Алтынсарин аудандық соты қасақана адам өлтіргені үшін аудан тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленуші тарапқа мүліктік зиян мен моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық