Қостанайлық полицей дауылда жүргізушілерге жол көрсетті (ВИДЕО)
Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкері дауыл кезінде жолда қалған көліктердің алдына жүгіріп отырып, жүргізушілерге жол сілтеді. Оның видеосы желіде тарады.
Қостанай облысында ауа райы жағдайына байланысты 18 ақпанда 25 жол учаскесі жабылды. Оның 20-сы облыстық, бесеуі республикалық маңызы бар жолдар.
«Қостанай қаласының полиция лейтенанты Амантай Байжанов автокөлік тізбегін бастап, жүргізушілерге өзі жаяу жол көрсетті», - деді басқарма.
Осы видеоны түсірген белгісіз жүргізуші полиция қызметкеріне ризашылығын білдірді.
«Мен полиция қызметкерлеріне үлкен ризашылығымды білдіремін. Көліктің алдына шығып, қалаға қалай жетуге болатынын көрсетіп жатыр. Боран қорқынышты болып тұр. Жол көрінбейді», - деді жүргізуші.
Қостанай облысының полиция департаменті қызметкерлері Әмір Шалғымбаев пен Амантай Байжанов шақыртуға барған. Қайтар жолда тас жолдағы кептеліс орын алғанын көреді.
«Көліктер сырғанай бастады. Біздің құқық қорғау органдарының қызметкерлері еш абыржымай, он шақты көлікті бір бағытта сапқа тұрғызды. Амантай Байжанов дауылға қарамастан, көз көрмес ақтүтек боранда көлік тізбегінің қалаға кіруіне көмектесті. Әмір Шалғымбаев патрульдік автокөлікпен дыбыстық белгі бере отырып, көліктер тізбегінің артынан жүріп отырды», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Департаменттің айтуынша, видеоның басты кейіпкері Байжанов өткен жылы өрттен 15 адамды аман құтқарып қалған.
«2020 жылы өрт шықты. Сол кезде де Амантай Байжанов басқа серіктесімен өрттен 15 адамды құтқарды. Сол үшін оларға құрмет грамоталары табысталды», - деп толықтырды полиция.
Қазнет қолданушылары аймақтағы басқа құтқарушылардың жұмысын жоғары бағалады.
Төтенше жағдайлар департаменті өзінің Instagram парақшасында құтқару жұмыстарының видеолары мен фотосуреттерін жариялады. Үйге өз бетімен жете алмаған қостанайлықтарды қала ішіндегі межелі орынға жеткізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары ТЖ мен Полиция қызметкерлерін осындай жұмыстары үшін мақтап, көмектері үшін алғыс айтты.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында жол қозғалысын шектейтін 16 пост құрылды. 27 техника мен ТЖМ мен Теміржол министрлігінің 44 қызметкері жұмылдырылды. Халықты орналастыруға дайын 27 жылу пункті дайындалған. 8 (7142) 50 36 24 нөмірі бойынша кезекші психологтар жедел желіде отыр.
«Қостанай облысының Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға елді мекендерден шықпауға, ауа райы жағдайларын бақылауға кеңес береді. Қажетті шұғыл көмек болған жағдайда, 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қалалық білім бөлімінің айтуынша, ауа райы жағдайына және боранның салдарына байланысты апаттардың алдын алу мақсатында 19 ақпанда Қостанай қаласының мектеп оқушылары (бірінші және екінші ауысымда) қашықтан оқытуға ауыстырылды.
«Қазіргі уақытта Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының алты учаскесінде көлік қозғалысы шектелген», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық