Қостанайдағы колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болған
Колонияға жасырын түрде тоғыз телефон, ресей рублі және зарядтағыш кіргізілмек болған.
Қостанай облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеге тоғыз телефон мен ресей рублін алып өтпек болғандардың жолы кесілді.
Polisia.kz хабарлағандай, контрабанда фактісі «УК-161/2 мекемелері» РМУ күзет бөлімінің қызметкерлері әскери бөлім сарбаздарымен бірге мекемеге кіре берісте автокөлікті тексеру барысында анықталды.
«Автокөлік тоғыз телефон, 4000 теңге және 750 ресей рублі, сондай-ақ сим-карталар мен зарядтағыш алып өтпек болған. Жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін бастапқы материалдар жинақталуда» деді министрлік.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталған адамдарды, тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды өткізу» бойынша жауапқа тартылады.
Жалпы, жыл басынан бері тыйым салынған заттар контрабандасының алдын алу бойынша 23-ке жуық факті тіркелген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық