Қостанайда украин ұлтының өкілі қазақ тілінен сабақ береді
Ұлты украин Дмитрий Ромащенконы Мұқағали Мақатаев пен Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын түпнұсқа түрінде, ұлы Абайдың шығармаларын сүйіп оқиды. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген азамат бүгінде Қостанайдағы гимназиялардың бірінде өз білімін өзгелермен бөлісіп, сабақ беріп жүр.
Хабар24 сайтының хабарлауынша, Дмитрий Ромащенко Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында дүниеге келген. Дмитрий орыс мектебінде білім алса да, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алады.
Ол бала кезінен қазақ тілі мен әдебиетін жақсы көреді – Мұқағали Мақатаев, Ахмет Байтұрсынов шығармаларын түпнұсқадан оқиды. Ал ұлы Абайдың шығармалары оның жүрегінде ерекше орын алады.
«Мен үшін қазақ тілі мектептегі ең қызықты пән болатын. Мен қазақ тілінің мұғалімі болатынымды білетінмін. Өте қиын болды. Бірақ еш күмәнім болмады. Мен бұл жолдан кетемін деп еш ойланбадым. Бірінші немесе екінші курста күмәнданбадым. Бұл менің сүйікті ісім. Онымен ары қарай да айналысамын» дейді Горький атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дмитрий Ромащенко.
Дмитрий қазақ тілінен сауатты. Ол Қостанайда үш жылдан бері жұмыс істейді.
«Ол өте ақылды, жақсы, әділ адам. Мейірімді, сабақ үстінде одан қалжың естисің. Ол өз тақырыбына өте байыпты және жауапкершілікпен қарайды. Үй тапсырмасын орындамағандарды ұнатпайды» дейді 8 сынып оқушысы Әлібек Жақсылықов
Дмитрийдің өзі қазақ тілін білуіне деген таңданысты түсінбейді. Себебі, ол мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандықтың міндеті екеніне сенімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық