Қостанайда қарақшы көшені қар басып қалғандықтан, көлікті ұрлай алмай қалды
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында көлікті айдап әкеткен қарақшы өтіп бара жатқан адамнан көлікті итеріп, көмектесуді сұраған. Мұны байқаған көліктің иесі полиция шақырған.
Келеңсіз жағдай Қостанай облысында орын алған. Қардан тазаланбаған жолдың арқасында Рудный қаласының тұрғыны көлігін ұрыдан аман алып қалған.
Көліктің иесі жағдайды жергілікті парақшалардың бірінде айтып берді. Ол қала әкімдігіне қаланы қардан уақтылы тазаламағаны үшін алғыс айтты.
Александр Шестаков сыртқа шығып, біреудің оның көлігін итеріп жатқанын байқаған. Белгілі болғандай, ұры көлікпен қар құрсауында қалып қойып, өтіп бара жатқандардан көмек сұраған. Осы кезде Александр полиция шақырып үлгерген.
Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары жеткен. Формадағы адамдарды көрген ер адам қашып кеткен. Алайда учаскелік полиция қызметкерлері Айдос Құлымбетов пен Ілияс Әділ оны ұстап үлгерген.
Желі қолданушылары оқиғаға қатысты төмендегідей пікір білдірді:
- «Әкімдік қамқорлық танытып жатыр»;
- «Әкім бұл видеоны көріп, қар тазалауды мүлде қоятын болды»;
- «Қарды уақтылы тазаламағаныңыз үшін рахмет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына рахмет»;
- «Қыста джип ұрлау керек».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық