Қостанай облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанай облысы полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды.
Қостанай облысы ІІД бастығы болып полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментін басқарған.
Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды. Ішкі істер министрлігінің басшысы полиция басқармасының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды, - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ерлан Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол органдардағы қызметін полиция батальонында полицей болып бастады. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында әртүрлі басшы жедел қызметтерде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар – криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық