Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсыновтың үйін сүріп тастады
Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың туып-өскен үйін сүріп тастады.
Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.
Халық ағарту ісінің жүз елу жылдық мерейтойында кірпіш үйді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ескі іргетас орнында мердігер құмтекше қабырғаларын тұрғыза бастады. Олар сапасыз болып шықты. Ғимаратты қирату туралы шешім қабылданды.
Жергілікті тұрғындар мәдени нысанның неліктен жермен-жексен болғанын түсінбейді.
Облыстың киелі картасындағы нысан бір ай бұрын бұзылған. Құрылысшылар тіпті бастапқы іргетасын да сақтай алмады. Оны он үш жыл бұрын жергілікті тұрғындар ескі іргетастың орнына салған. Олар да жағдайды бақылап отырды: шатырды әктеп, сырлап, жамап тастады. Қазір бұл жерде ауыр техниканың ізі ғана қалған.
– Мына арада Ахметтің бұрынғы үйі болған. Фундаменті бұның қара шымнан кесектен салынған еді. Міне, қарап отырсаңдар жобасы осы жерден. Мынау ара пешпен бөлінген еді. Сол пешпен бөлінген бұрышта біздің Ахмет атамыздың үйіндегі әжеміз осы жерде Ахмет атамызды дүниеге әкелді-ау, деп өзіміз ойлайтын едік. Астан-кестені шыққан. Ізі де қалмаған, дымы да қалмаған. Ең соңғы Ахметтің өзімізде бар ескерткішінен айрылып қалып тұрмыз, – Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Жақсыбек Әбдісалық.
Байтұрсыновтың үйін қалпына келтіруге бюджеттен 22 миллион теңге бөлінді. Бірақ құрылыс тоқтатылды. Алматылық мердігер жұмыс істеген материал қабылданбады.
Шенеуніктердің айтуынша, жергілікті тұрғындар үйді өздері бұзуды сұраған. Бұл туралы жиындарда талай рет айтылды.
– Екі ауылдың тұрғындары үйдің апатты жағдайда екенін айтып, мәселе көтерді. Аудан, облыс әкімдіктеріне жүгінді. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық, – Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі Нұрсұлтан Байділдин.
Осы кездесулердің нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы туған үйдің орнына мұражай-үй салудың жаңа жобалық құжаттамасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Тұрғын үй қайта салынады. Аудан әкімдігі жаңа мердігер іздеуде. Жобаның құны отыз жеті миллион теңгеге дейін өсті.
– Жоба бойынша 149 шаршы метр. Тұрғын үйді музей үй етіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жобасы 20 маусымда алынады. ПСД-ны жобалауға 1,2 млн теңге демеушілер атынан істеледі. Ал енді үйдің құны 37 млн боп тұр. Экспертизаға дейін. Енді ол өзгелерді әлі, – Жангелді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиев.
Шенеуніктер мердігерді таңдап жатса, жергілікті тұрғындар Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылына кіре берістегі кесененің құрылысын аяқтап жатыр. Ауыл тұрғындары 10 миллион теңге жинап, ескерткішті өз күштерімен тұрғызып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық