Қостанай облысында 20 бала тас жолда қалып қойды
Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар қар құрсауынан 175 адамды құтқаруға мәжбүр болды.
Қостанай облысында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Арқалық-Державинск тас жолында 99 адам, оның ішінде 20 бала мінген автобус қарлы боран мен көрінудің нашарлығынан тұрып қалды. Адамдар жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.
«Фурманово ауылында 50 адам жылу пунктіне – жергілікті мектепке және туыстарының үйлеріне, қалған 49-ы Арқалық қаласына орналастырылды. Бір тәулік ішінде құтқарушылар 175 адамды құтқарып, 2 науқасты эвакуациялады» деп хабарлады Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Басқарма Қостанай-Жолдама тас жолында Дәмді ауылының маңында қар құрсауынан 14 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, Үштоғай ауылына жеткізілгенін атап өтті. Тағы 57 адам Арқалық-Амантоғай тас жолының Мирное ауылына жақын бөлігінде қар құрсауында болған. 21:25-те құтқарылғандардың 57-сі Арқалық қаласына жеткізілді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ферма жұмысшысы ауруханаға жеткізілді, оған шұғыл медициналық көмек қажет болды. Сонымен қатар иығына зақым келген тағы бір бала бар.
Қолайсыз ауа райына байланысты Қостанай облысының жолдарында 8 қозғалысты шектеу бекеті орнатылды. Жолда қолайсыз ауа-райына тап болған азаматтарды уақытша орналастыру үшін 255 орындық 9 жылу пункті дайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық