Өскеменнің орталығындағы 80-нен астам үй жылусыз қалды
Фото: freepik
Өскеменнің орталығындағы 80-нен астам үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өңірдегі YK-news.kz басылымының деректеріне зер салсақ, жылудың өшкені Буров, Қабанбай батыр, Қазақстан және Мызы көшелеріндегі көпқабатты үйлерге, сондай-ақ жеке үйлер мен ұйымдарға әсер етті.
Барлығы 80-нен аса тұрғын және әкімшілік ғимарат жылусыз қалды.
Басқарушы компанияның мәліметінше, 7 қараша күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін мынадай көпқабатты үйлерде жылу жүйесі уақытша тоқтатылады:
- Буров көшесі: 9, 13, 15, 17, 19, 19/1, 21, 23, 25, 25/1, 25/2, 25/3, 27, 27/1, 27/2, 27/3, 29, 33, 35, 37, 39, 39/1, 39/2, 41, 45, 47, 49, 51а;
- Қабанбай батыр көшесі: 93, 95, 97/1, 99, 99/1, 105, 105а, 114, 116, 118, 124, 126;
- Қазақстан көшесі: 65, 72, 78, 78а, 80, 82, 82/1, 84, 84/1, 86, 90, 92, 94, 96, 98, 98/1, 98/2, 102, 104, 106, 108, 110, 110/1, 114, 116, 118, 124, 126;
- Мызы көшесі: 5, 5/1, 9, 11, 13, 15, 17/1, 21, 23, 25, 29, 31, 33, 35;
- Жеке сектор: Мызы көшесі, 1в.
Сондай-ақ бірнеше мекемелер де уақытша жылусыз қалады.
«Шығыс жылу» компаниясының хабарлауынша, ТК-668 нүктесінен бастап «Анура», «Әлем», «Қайнар», «Жәрдем» сауда орталықтарына, сондай-ақ «Қазақтелеком» және Өскемен қалалық полиция басқармасының ғимараттарына баратын жылу желісін қайта қосу кезінде құбырдағы арматурада ақау бар екені анықталған.
«Осыған байланысты магистральды жылу желісін аз уақытқа ажыратып, арматураны ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жөндеу жұмыстары сағат 17:00-ге дейін жалғасады», деп мәлімдеді «Шығыс жылу» компаниясы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменнің бас прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді. БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шақпантаев қол астындағы қызметкерлерді ұрды деген ақпарат тарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық