Өскеменде жігіт жанұясын балтамен қырып, өрт қойды
Фото: Envato
Шығыс Қазақстан облысының орталығында түн қараңғылығында сұмдық қанды оқиға болды. Жас жігіт отбасы мүшелерімен бірге ішімдік ішкеннен кейін олармен жанжалдасып, ақыры бәрін балталап өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйді өртеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасіретті оқиға Өскеменнің тыныш аудандарының бірінде болған. Түн ортасында өртеніп жатқан үйді сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі шақырылды. Алайда өрт сөндірушілер үйіндіні аршып жатқан кезде, жертөледен адамның жартылай күйіп кеткен денелерін тапты.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері өртенген үйдің 76 жастағы иесі, оның 69 жастағы азаматтық жары және 51 жастағы туысының мерт болғанын анықтады. Бірақ өлім өрттен емес еді – сарапшылар дене бас сүйектерінен балта тиген жарақаттарды байқады. Бұл жай ғана өрт емес, қасақана ұйымдастырылған жаппай кісі өлтіру екені белгілі болды.
Ізі суымаған қылмыскер ұсталды
Тәртіп сақшылары көпке ұзамай күдіктіні қолға түсірді. Ол – осы үйде болған 27 жастағы жас жігіт. Тергеу барысында белгілі болғандай, ішімдік ішкеннен кейін туыстарымен ұрыс шығып, ашуға булыққан жігіт қолына балта алып, өз атасын, оның жары мен тағы бір жақын туысын аяусыз қырған. Кейін қылмыстың ізін жасыру үшін үйге от қойған.
Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицияның мәліметінше, кісі өлтірудің себептері мен барлық мән-жайларын анықтау мақсатында кешенді сараптамалар жүргізілуде.
«Қылмысты жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл іс ШҚО полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Қылмыс орнынан балта мен пышақ табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі – «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық