Өскеменде «Азия-Авто» компаниясына басшы болған Ресей азаматтары сотталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Өскеменде «Азия-Авто» компаниясында бұрын басшы болған Ресей азаматтары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа қатысты сот аяқталды. Сот отырысы олардың қатысуынсыз өтті, үкім сырттай шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Балушкин Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылды. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырып, коммерциялық салада басшылық қызмет атқаруға 10 жылға тыйым салды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді.
Сағымбаевқа екі бап бойынша айып тағылды. Аса ірі көлемде алаяқтық (190-бап, 4-бөлік, 2-тармақ) және ұйымдасқан топпен немесе аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару (245-бап, 3-бөлік). Сот оны 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, сондай-ақ 10 жылға дейін басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды. Ол да жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Қазақстан Республикасының индустрия және құрылыс министрлігінің келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық талабын сот мақұлдаған жоқ.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық