ОСК Сенат сайлауы бірінші кезеңінің қорытындысын шығарды
Сурет: Сенат баспасөз қызметінен
Жоғарғы палатаның ағымдағы сайлауы статистикалық көрсеткіштер бойынша рекорд жаңаруда. Дауыс беру рәсімі 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді.
29 қараша мен 14 желтоқсан аралығында республика бойынша Сенат сайлауына 130 адам өз кандидатурасын ұсынды. Жоғарғы палатада 20 орын бар. Еске салайық, 2020 жылы Сенат депутаттығына 94, 2017 жылы - 89, 2014 жылы - 88 үміткер ғана өтініш білдірген.
ОСК мәліметінше, бір мандатқа орта есеппен алты үміткерден келеді.
Науқан 14 желтоқсанда аяқталды. Енді 24 желтоқсанға дейін ОСК кандидаттар өтініштерінің шарттарға сәйкестігін тексеріп, тіркеуі керек. Осы уақытқа дейін 49 адам бұл процедурадан өткен.
Үміткерлердің басым бөлігі жаңадан құрылған Абай, Қызылорда облыстары мен БҚО (сегіз адам), Алматы мен елордадан 10 адамнан. Ең азы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында – бес адамнан, Шымкент алты үміткер ұсынып көш бастап тұр.
Бір қызығы, кандидаттардың 97,7 пайызы өзін-өзі ұсыннғандар болса, 2,3 пайызын ғана мәслихаттар ұсынған.
Үміткерлердің орташа жасы 50,5 жасты құрады. Ең кішісі 30 жаста, ең үлкені 74 жаста.
Сенатқа депутаттарды ұсынудың бұл циклі әйелдер үшін рекордтық көрсеткіш болды – 33 кандидат. Салыстыру үшін: 2020 жылы өтініштер саны 19-ға жетіп тоқтаса, 2017 жылы олардың саны одан да аз – 13, ал 2014 жылы – бесеу ғана болды.
Мамандықтардың ішінде инженерлер мен оқытушылар көш бастап тұрса, ең азы журналистер мен саясаттанушылар. Бұл ретте 48 үміткер мемлекеттік қызметте, 36-сы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Өтініш бергендердің қатарында уақытша жұмыссыздар мен екі зейнеткерге орын берілді.
ОСК кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалған шығыстары республикалық бюджет есебінен жабылатынын қосты. Әрқайсысына 550 мың теңгеден бөлінеді. Оның 400 000-ы теледидар мен радиоға шығуға немесе мерзімді баспасөзде екі мақала жариялауға арналған. Сайлау алдындағы бұқаралық шараларды өткізуге және үгіт-насихат материалдарын шығаруға 70 000 теңге, көлік шығындарына 80 000 теңге қарастырылған.
Үміткерлер бұл сомамен шектеліп, сайлау қорын құра алмайды.
Еске салайық, Сенат сайлауы үш жыл сайын өтеді. Бұл жолы ол 14 қаңтарға белгіленген, нәтижесі қаңтардың соңында айқындалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық