Орыс ұлтына тіл тигізетін рэп оқыған Кочнева 10 күнге сотталды
Фото: Бейнеден кадр
Алматының әкімшілік соты кеше қазақстандық белсенді Мария Кочневаны орыстар туралы фрагменті бар рэп орындағаны үшін 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мария Кочнева сот шешімімен келіспейтінін білдіріп, шағым түсірмек ниеті бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол қамау мерзімін өтеу үшін арнайы қабылдау орнына жіберілетінін мәлімдеді.
Бұрын қызды Алмалы ауданының полиция басқармасына шақырған еді. Себебі әлеуметтік желілерде оның рэп фристайлында «Йоу, орыстар» атты рэптің фрагментін айтқан бейнежазбасы таралған болатын.
Белсенділердің айтуынша, бейнежазба Қазақстанда резонанс тудырмады. Бірақ ресейлік «Z-топтарда» таралғаннан кейін Кочневаға полиция назар аударған. Еске сала кетейік, бейнежазбадан кейін белсендіге қорлау және қорқыту хабарламалары келіп түсе бастаған, ол сепаратистік топтардың әкімшілеріне қарсы полицияға шағым түсірді.
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
- «Әр бал үшін 7 мың теңге»: Ақтөбеде оқушыларға «ҰБТ-ны оңтайластырған» мұғалім сотталды
- Жаңа конституцияның жобасы таныстырылды
- Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған исламист жергілікті сайлауға түспек
- Шымкентте ер адам бейтаныс әйелді «түрі ұнамағаны» үшін пышақтап өлтірді
- 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болды
- Алматыда мопед жүргізушісін қағып қашып кеткен адам екі тәуліктен бері табылмады
- Қойнауы қазынаға толы кенді қала Жезқазғанның шұрық-тесік жолдары
- Қырғызстанда 16 жастағы қыздың шашын тақырлап алып, соққыға жыққан
- «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері көз жұмды
- «Қайрат» Чемпиондар лигасында соңғы орын алса да 11,6 млрд теңге тапты
- Трамп қатты аяз кезінде шабуылды тоқтату жөнінде Путинмен келісім болғанын мәлімдеді
- Маңғыстау облысында 7 баланың әкесі әйелін пышақтап өлтірді
- Шығыс Қазақстанда бірден екі шенеунік пара алды деп айыпталды
- Қосшыда спорттық жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды
- Түркістан облысында 3 полицей 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді
- Алматы қаласында жүздеген миллиард теңге тиімсіз жұмсалған — Жоғары аудиторлық палата
- Президент қабылдауында болған Алматы әкімі не айтты?