Орыс тілі сабағын өз тілінде өтпеуді сұраған оқушыны мұғалім сабап тастады
Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыға қол көтерген видеосы тарады. Оқушы мұғалімнен орыс тілі сабағын өзбек тілінде өтпеуін сұраған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 23 қыркүйекте Өзбекстанның Ташкент қаласындағы №188 мектепте болған. 6-сынып оқушысы мұғалімге орыс тілі сабағын өзбек тілінде жүргізгені үшін ескерту жасаған екен. Ал мұғалім оқушының мойнынан ұстап, оны тақтаға қарай итеріп, бірнеше рет бетінен ұрған.
Оқушының анасының айтуынша, мұғалім онымен сөйлескенде «Өзбекстан – бұл өзбектерге арналған ел» деп пікір білдірген. Кей дереккөздерде мұғалім жұмыстан кеткені айтылған.
Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захарова бұл мәселе ведомствоның бақылауында екенін айтты.
«Видео мазмұны бізде үлкен алаңдаушылық пен балаға деген жанашырлық сезімін тудырды. Біз өзбек тарапынан ресми түсініктеме сұрадық. Екі мемлекеттің достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасында, әсіресе тілдік мәселеде ешқандай дұшпандыққа орын болуы мүмкін емес. Өзбек тарапына БАҚ-тағы материалға құқықтық баға беру және егер негізделген жағдайда балаға қатыгездік жасаған кінәліге шара қолдану жөнінде талап қойылды. Бұл мәселе біздің ең қатаң бақылауымызда болады» деді Мария Захарова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық