Орыс бойжеткен мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ береді
фото: видеодан кадр
Шымкент қаласының тұрғыны Кристина Бойко арманын орындап, қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.
Otyrar.kz хабарлағандай, Кристина балабақшада да мемлекеттік тілді оңай меңгерген – ата-анасы оны қазақ тобына жіберген. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген бойжеткен болашақ мамандығын қазақ тілімен байланыстыруды ұйғарады.
– Менің ата-анам мені қазақ балабақшасына берген болатын. Мен сонда тіл үйрендім. Балалармен сөйлесе жүріп, үйреніп қалдым. Енді университетті үздік бітіріп, жұмысқа орналасып, қазақ тілінің дамуына үлес қосқым келеді, – дейді Кристина.
Достары оны жүрегі қазақ екенін айтады.
Қазір ОҚПУ-да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша екінші курста оқиды. Ол мектептердің бірінде тәжірибеден өтіп, айналасындағыларды таң қалдыруда.
Оқу орнының директоры өз тәжірибесінде алғаш рет қазақ тілін орыс мұғалімі оқытып жатқанын мойындайды.
– Мектебімізде тәжірибелік сабақтар өткізіп жатқан оқушылар өте көп. Бірақ Кристинамен болған жағдай ерекше. Біздің мектеп тарихында орыс қызы қазақ мектебіне алғаш рет келіп, қазақ тілінде сабақ берді. Кристина Андреевнаға алдағы жұмысына сәттілік тілеу ғана қалды. Біздің білікті ұстаздарымыз өз тәжірибесін болашақ мұғалімдерге жеткізуге бар күш-жігерін салады, – дейді Ы. Алтынсарин атындағы №2 мектеп-гимназиясының директоры Алмас Қайыпов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық