Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды қайта бастады
Фото: donpress.ru
Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процестер қалпына келіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
19 қазанда «Газпром» компаниясы Орынбор газ өңдеу зауытына ұшқышсыз дронмен шабуыл жасалғанын хабарлады. Салдарынан Қарашығанақ кен орнынан шикізат газ қабылдау уақытша тоқтатылған еді. Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева шикізат қабылдаудың уақытша тоқтатылуы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер етпегенін мәлімдеді.
«ҚР Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процестер кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатқанын хабарлайды. Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттырып жатыр», — деді ресми өкіл.
Жағдайды үкімет толық бақылауына алды.
Айта кетейік, Түркістан облысының Келес ауданында 15 жастағы қызға зорлық көрсетіп, жүкті еткен 71 жастағы ер адамға қатысты іс бойынша полиция қызметкерлері тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық