Орталық Азия елдері президенттері Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшылары құттықтауларында достық және әріптестік қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетіндеріне сенім білдірді.
Орталық Азия елдерінің басшылары Қазақстан Президенті мен еліміздің барша тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен достыққа, сондай-ақ стратегиялық серіктестікке негізделген көп қырлы қарым-қатынастар біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында дәйекті түрде дами беруіне тілектеспін» деп жазды Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құттықтау жеделхатында.
Өз кезегінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Наурыз өзінің ежелгі тарихымен қатар философиялық мазмұны жағынан қазақ және өзбек халықтарының ортақ әдет-ғұрыптары мен құндылықтарын бейнелейтінін атап өтті.
«Тату көршілік қарым-қатынасқа негізделген өзара ынтымақтастығымыз халықтарымыздың ортақ мүдделеріне сәйкес кеңейетініне және жоғары деңгейде өзара байланыстарды одан әрі жандандыру стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға көмектесетініне терең сенімдімін» деп жазылған Мирзиевтің жеделхатында.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Тоқаевқа зор денсаулық және жаңа табыс, ал Қазақстанға бейбітшілік, молшылық пен өркендеу тіледі.
«Біздің елдеріміз Наурыз мейрамының өшпес құндылықтарын ұстана отырып, жаңа үміт пен ұмтылыспен стратегиялық серіктестік аясында достық қарым-қатынастары мен өзара тиімді ынтымақтастығын кеңейтіп, дамытатынына сенімдімін» деді Тәжікстан басшысы.
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Наурыз мейрамының өзара түсіністік пен ынтымақтың символы екеніне тоқталып, екі ел арасындағы қолайлы қарым-қатынастың сақталуына сенетінін айтты.
«Біз халықтарымыздың еркі бойынша әзірбайжан-қазақстандық достық қарым-қатынастар мен серіктестікті сақтау және нығайту жолындағы бірлескен күш-жігерімізді жалғастыратынымызға сенемін» делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Түркіменстан, Иран және Грузия президенттері де құттықтау жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық