«Орнына мені ұр деп айтатынмын». Талдықорғанда туған әкесі ұрып-соққан 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
Көрнекі сурет. Фото: pexels.com
Күні кеше Талдықорғанда 3 жасар бүлдіршінді әкесі мас кезінде өлімші етіп сабаған. Сәбидің анасы Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп, мән-жайды айтып берді.
3 жасар Ақжарқын ажал аузынан аман қалды. Қыз баланы туған әкесі ұрып-соққан. Ішімдікке мас ер адам баласының жылағанына шыдамай, ашуға беріліп оны аяусыз тепкілеген. Бұл кезде анасы Жадыра Жұмақанова жуынатын бөлмеде болған.
Жадыраның айтуынша күйеуі төрт күн бойы тоқтаусыз ішімдік ішкен.
«Қызым шырылдап қатты жылап кетті. Жүгіріп кірсем ұрып тастапты. Сөйтсем кеудесі, арқасы, бет-аузы, қолы бәрі көгеріп қалған. Неге ұрасың десем, жылап қоймай қойды, жұбатайын деп едім деді. Мен күйеуіммен жанжалдаса бастап едім, ол мені ұрды. Сосын жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Өйткені күйеуім мас, өршеленіп барады», - дейді бүлдіршіннің анасы Жадыра Жұмақанова.
Жадыраның айтуынша, олар күйеуімен бір-бірін сүйіп, сезіммен қосылған. Некеде тұрғандарына бес жыл болған. Бірақ алғашқы күндерден-ақ тұрмыстық зорлық басталған. Тіпті жүкті кезінде де қол көтерген. Артынша тоқтағандай көрінгенімен, кейінгі жылдары ер адам ішімдікке салынып кеткен.
«Күйеуімнің телефонын далаға алып шығып, полицияға хабарластым. Үйге кірсем, қолына пышақ ұстап алыпты, «бұлай өмір сүргенше өлгенім артық» деп. Полиция қызметкерлері 10 минут ішінде келіп, алып кетті», - дейді Жадыра.
Жадыраның айтуынша, күйеуі інісінен айырылғаннан кейін осындай күйге түскен. Тіпті оның араласатын достары да жоқ дейді. Ол үйде жатып ішімдік ішетінін де жасырмады. Қазіргі таңда Жадыра қызының жанында, ал ұлын Жадыраның әпкесі қарап жатыр, ол бала екіде.
«Маған үнемі «адам болмаймын» деп айтатын. Үш рет өзіне қол жұмсамақ болды, әр жолы аман алып қалдым. Жастайынан жетім өскен, бауырлары жоқ. Сол себепті күйзеліске түсе ме, білмеймін», - дейді Жадыра.
Ер адам күзетші болып жұмыс істеп, Аягөзге барып-келіп жүрген. Әйелінің айтуынша, мұндай қатыгездік бұрын болмаған. Бірақ енесінің көзінше де қол көтерген кездері болған.
«Енді кешірмеймін, заң алдында жауап берсін. Күйеуімнің туыс әпкесі де кешірім берме деп жатыр. Ол да ажырасып кету керек еді деді. Ол бұрын да ұрған қызымды сосын мен оны ұрма, орнына мені ұр деп айтатынмын. Содан кейін өзім таяқ жейтінмін. Дәрігерлер өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ іш құрылысына зақым келген деп жатыр. Жансақтау бөлімінен бірақ шықты, қазір қасымда ұйықтап жатыр», - дейді Жадыра.
Бүлдіршінге 2024 жылы бауыр циррозы диагнозы қойылып, Түркиядағы жеке клиникада емделген. Оған ресейлік қайырымдылық қорлардың бірі көмектескен. Ақжарқынға бауыр трансплантациясы жасалған. Қайырымдылыққа қаражат жинауды қор мүшелері ұйымдастырған. Баланың жағдайы қатты ауырлап, соңғы сатыға жеткен. Ота сәтті өткен. Қазіргі таңда ота жасалған бауырына сәл зақым болған екен. Дәрігерлердің айтуынша өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
«Талдықорғанда баланы емдеп жатқан дәрігер Түркиядағы әріптесіне ресми өтініш жолдаған. Ал түрік профессоры бізге қаржылай көмек көрсету туралы өзі хабарласты. Ол кезде тек баланың емес, анасының да жағдайы өте қиын еді. Себебі Жадыра отбасындағы зорлық-зомбылыққа сол уақытта тап болып жүрген. Бізге күйеуінен кетемін деп уәде берген», — дейді қайырымдылық қорының мүшесі Екатерина Доброва.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Ақжарқын мен анасы қазір дәрігерлердің тұрақты бақылауында, қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық