Қордайдағы вакцина зауыты қызметкерлеріне 3 көпқабатты үй салынады
Қордай ауданындағы вакцина шығаратын зауыт жұмысшыларына арнайы көпқабатты 3 үй салынып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ORDA жергілікті тілшісі.
Қордай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Гвардейский ауылына арнайы атбасын бұрды. Мұнда биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтының негізінде фармацевтикалық зауыттың ғимараты салынған. Жоба бойынша жылына 60 миллион доза түрлі вакциналар шығару жоспарланып отыр. Оның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина да қарастырылмақ. Бердібек Сапарбаев зауыттың бірнеше қабатын аралап көрді. Осыдан кейін зауытты пайдалануға беру мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Өңір басшысы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарына тиісті бақылаудың болуын назарда ұстауды ескертті. Ол мүдделі тараптарды нысанның барлық GMP стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Айт кетерлігі, зауытқа жақын маңда институт қызметкерлеріне арналып 3 көпқабатты тұрғын үй салуға орын бөлінген. Қазір 60 пәтерлі үйдің бірінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы биыл қолға алынады. Бердібек Сапарбаев 60 пәтерлі үйде жүріп жатқан әрлеу жұмыстарын наурыз айында аяқтауды тапсырды. Жоба бойынша мұнда 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық