Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысқандар 17 жылға сотталды
Жамбыл облысының сотында Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша үкім шығарылды.
Толығырақ Orda.kz сайтында.
Сотталушылар орындығында 51 адам болды, олардың біреуі кінәсінің дәлелденбегені үшін ақталды. Тағы 19 адам түрме жазасын алды. Олар бес жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.
Сондай-ақ, 31 адам залалды өтегендіктен бір жылдан бес жылға дейінгі шартты мерзімге сотталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 800 млн теңгеден асады.
Сотталушыларға бірден бірнеше қылмыстық бап тағылды. Олардың қатарында «қару мен оқ – дәрілерді заңсыз сақтау», «кісі өлтіру», «қорқыту» және «қарақшылық», «полиция қызметкерлерінің өміріне қол сұғу», «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру» бар.
Іс бойынша 366 адам жәбірленуші болып танылды. Айыпталушыларды 60-тан астам адвокат қорғады. Іс 400 томнан тұрды.
Бұған дейін, 2020 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы гарнизонының әскери соты Жамбыл облысы Қордай ауданы ауылдарындағы тәртіпсіздіктерге жеті қатысушыны соттаған болатын.
2020 жылдың 7 ақпанына қараған түні Жамбыл облысындағы Қордай тәртіпсіздігінің салдарынан 11 адам қаза тапты. Жүзден астам адам жарақат алды. Екі жүзге жуық үй мен кәсіпорын қирап, 100-ге жуық автокөлік өртенді. Жанжалға мыңға жуық адам қатысты. 120 қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық