Қордай оқиғасы бойынша үш адам сотталды
Фото: Ашық дереккөзден
Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.
- Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Руслан Сампарбаевқа қатысты жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны (ҚК-тің 272б. 2б.), ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 188б. 4б. 3т.);
- Айдос Минимтаевқа қатысты жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және (ҚК-тің 272б. 2б.) бөтеннің мүлкін тонағаны үшін (ҚК-тің 191б. 2б. 1,3т.), жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін (ҚК-тің 272б. 2б.), қарақшылық жасағаны үшін (ҚК-тің 192б.4б. 2т.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін (ҚК-тің 392б. 1б.);
- Мақсат Әуеловке қатысты жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін (ҚК-тің 272б. 2б.), адам өлтіргені үшін (ҚК-тің 99б. 2б. 6,11,15т.), екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталғаны үшін (ҚК-тің 24б. 3б. – 99б. 2б. 1,6,11,15т.) қылмыстық іс қаралды.
Еске салсақ, 2020 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдары аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету арқылы зорлық-зомбылық, қирату, өртеу, дүние мүлікті жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздік орын алды.
Жаппай тәртіпсіздіктердің басталуына жоғарыда аталған ауылдардың әр түрлі ұлт тұрғындарының арасында туындаған тұрмыстық жайлар негіз болған.
Жаппай тәртіпсіздіктің нәтижесінде, 2020 жылғы 7-8 ақпан аралығындағы түнде Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде, 10 адам қаза тапты, 140 азаматтық тұлға мен 20 құқық қорғау органы қызметкерлері дене жарақаттарын алды, 99 жылжымайтын нысан қиратылды, 65 үй өртелді, 48 қозғалатын нысан қиратылды және 65 автокөлік өртелді.
Айта кетсек, бұған дейін 2021 жылы 27 сәуір Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан және басқа да қылмыстар жасаған 50-ден астам адам сотталған болатын.
СОТ ШЕШІМІ
Сампарбаев Русланға кінәсін ішінара мойындағаны есепке алынып, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза;
Айдос Минимтаев кінәсін мойындамады, оған 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза;
Әуелов Мақсат кінәсін мойындамады, оған 18 (он сегіз) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық