Orda журналисінен жауап алынған қылмыстық іс тоқтатылды
Исламбек Дастан
Таразда Orda.kz журналисі Исламбек Дастан куәгер ретінде болған «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы журналисттің адвокаты Әлия Арзымбетова хабарлады.
ҚР ҚК 274-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Бұл Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу бөлімі тергеушісінің адвокатқа берген қаулысымен расталады.
Бұған дейін Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары орталығының филиалында полицияға жауап алуға шақырылған Orda.kz журналисі Исламбек Дастанның сөзі мен іс-әрекетінде ешқандай заң бұзушылықтары жоқ.
Өткен аптада Таразда екі журналист Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін «жалған ақпарат тарату» ісі бойынша полицияға шақырылды. Orda.kz-тің Тараздағы меншікті тілшісі Исламбек Дастан куәгер ретінде, «7 арнаның» репортеры Данияр Әлімқұл қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды.
– Мен кінәні мойындамаймын, өйткені мен кінәлі емеспін. Мені куәгер ретінде шақырғаны дұрыс емес деп ойлаймын. Әр сөзім үшін заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Тергеуге толықтай көмектесемін. Телефонымды өз бастамаммен бердім. Ондағы бейнелердің барлығын көрсеттім. Оларды дискіге жазып қойдым, – деп түсіндірді Исламбек Дастан.
Orda.kz ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға сұрақ қойды. Ол Тараз журналистерін қорғай ма, жоқ па? Журналистерді көрген-білгендерін көрсеткені үшін жауап алуға шақыруды орынды деп санай ма? Балаева «шақырудың негізділігі туралы іспен танысқаннан кейін ғана айтуға болады» деп жауап берді және «егер журналистердің құқықтары бұзылса, оларды өзі қолдауға дайын» екендігін айтты. Біраз уақыттан кейін, министрлік журналистерді жауап алуға шақырған жағдайға қатысты түсініксіз жауап берді. «Журналистер таратылған ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін шаралар қолдануды ұмытпауы керек» деді.
Өз кезегінде «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева бұлай болған жағдайда журналистердің құқықтары бұзылады деген пікір білдірді. Өйткені «олар ешқандай өкілеттігі жоқ жарияламау туралы қолхат алған».
Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылуы орын алды. Жарылыстан кейін 93 адам ауруханаға түсті. 20 қыркүйекке дейін 17 адам қаза тапқаны және біреуі жоғалғаны белгілі. Жүзге жуық адам жарақат алды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан және үш мектеп зақым алды. Әкімдік екі ай ішінде үйлерді қалпына келтіруге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық