Оралдық кәсіпкерді қатыгездікпен өлтірген екі қылмыскердің ісі сотқа жолданды
Оралда кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевтің өлімі бойынша қылмыстық іс cотқа жіберілді.
Қылмыстық іс судья Шара Зайнуллинаның төрағалығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Алдын ала тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.
Кәсіпкер Еркін Мұқанғалиев 2022 жылдың 6 тамызында қатыгездікпен өлтірілген. Оның көптеген пышақ жарақаты бар денесі П.Атоян атындағы стадион автотұрағынан табылды. Күдіктілер дереу анықталды. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбадан кәсіпкер мен тағы екі ер адамның кафедегі үстелде отырғанын, артынша олардың арасында жанжал туындап, олардың бірі Еркін Мұқанғалиевті пышақпен ұрғанын көруге болады. Кейін белгілі болғандай, кәсіпкер қылмыскерлерден қашпақ болғанымен, олар оны қуып жетіп, көшеде аяусыз пышақтап кеткен. Көп ұзамай екі күдікті 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық