Оралдың бұрынғы полицейі Украинада соғысып жүр
Сурет әлеуметтік желіден
Оралдық бұрынғы полицейдің әкесі ұлының Украинада соғысып жүргенін растады.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Самиғолла Оразовтың ұлын оқ өтпейтін кеудеше киген және автомат ұстаған адам түскен суреттен таныған болатын. Азаттық Оралдың бұрынғы әкімі, экс-мәжілісмен Самиғолла Оразовтың ұлының Украинада Ресей әскері басып алған аумақта екенін растағанын жазған болатын.
Оның ұлы Бауыржан Оразов соғысқа өз еркімен қатысып жүрмеген болып шықты. Соңғы жылдары ол отбасымен Ресейде тұрып, қыркүйек айында жұмылдыруға іліккен. Қазір ұлы Украинаның Энергодар қаласының маңында екен.
Самиғолла Оразовтың айтуынша, оның баласы бұрын Оралда полиция қатарында жұмыс істеген. Кейін Ресейге барып, үйленіп, сол жақта отбасын құрады. Бірнеше жыл бұрын Ресей азаматтығын алған.
Айдың басында әлеуметтік желіде оның көк және қызыл жолақтары бар пулеметпен қаруланған, оқ өтпейтін кеудеше киген суреті тарап кетті. Қолданушылар оны ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Самиғолла Оразовтың ұлы - Батыс Қазақстан облысының бұрынғы полиция қызметкері Бауыржан Оразов екенін таныды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық