Оралдық өз пәтерін қару-жарақ шығаратын шеберханаға айналдырды
Орал қаласының тұрғыны жатын бөлмесін қару-жарақ шығаратын шеберханаға айналдырды. Бірақ оған полиция және БҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті тосқауыл қойып, барлық өндірісті таратты, деп хабарлады Polisia.kz.
Белгілі болғандай, күдікті бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған.
«Облыстық полиция департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында 61 жастағы азаматты тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде оның жатын бөлмесін заңсыз атыс қаруын жасайтын шеберханаға айналдырғанын анықтады. Ол кісі бірнеше рет заңсыз өндіріспен айналысып, атыс қаруын немесе оның құрамдас бөліктерін жөндеумен, сондай-ақ оқ-дәрілерді заңсыз жасаумен шұғылданған», - деді БҚО ПД басшысы Мақсұтхан Әбләзімов.

Аталған факті 287-баптың 3-бөлігі және 288-баптың 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық