Оралдың «трамадол короліне» қатысты іс тоқтатылады - БҚО прокуратурасы
Cурет: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде «трамадол королі» деген лақап атпен танымал болған Николай Карповқа қатысты қылмыстық істі прокуратура «тоқтату керек» деп шешті. Өйткені «трамадол — есірткі емес».
Карповты ұстағаннан кейін басталған тергеу үш айдан бері жалғасып жатыр. Бетперде киген қарулы күштер Орал тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, оның қол-аяғын байлап тастаған. Бейнежазбадан Карповтың қолына кісен салынып, тізерлеп отырғаны көрінеді.
Ұсталған азаматтың үйінен тек дәріханада және рецепт бойынша ғана сатуға болатын «Трамадол» және «Тропикамид» препараттары көп мөлшерде табылған. Карповтың үстінен бірден «Психотроптық және есірткілік заттарды заңсыз сақтау және өткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды. Екі айдан кейін Батыс Қазақстан облысының бас прокуроры міндетін атқарушы Александр Цуранков прокурорлар Николай Карповқа қатысты істі «тоқтатуы керек», өйткені «трамадол есірткі емес» деді.
— Сот-химиялық сараптама жүргізіліп, (Карповтан табылған) трамадол және басқа да препараттар есірткіге жатпайтынын көрсетті. Бұл рецепт бойынша сатылатын дәрілер, бірақ мұнда қылмыстық құқық бұзушылық жоқ. Біз істі жабуға мәжбүр боламыз. Иә, бұл істе дәріханадан тыс жерде дәрі-дәрмек сату бойынша әкімшілік кодекс бұзылған, - деді Александр Цуранков жұма күні қоғам белсенділерімен кездесуде.
Тергеу қоғам белсендісі Аслан Өтеповтің арқасында басталған, ол прокурорлар бұл іске мүдделі екенін айтады. Батыс Қазақстан облысының бас прокуроры міндетін атқарушы Александр Цуранковпен кездесу барысында Өтепов оның қызметтен кетуін талап етті.
— Біз бұл зұлымдыққа, есірткіге, әсіресе трамадолға қарсы күресіп жатырмыз, ал бұл зиянды затты сатушы оңай босатылмақшы. Бұл жерде прокуратура да, Цуранковтың өзі де мүдделі. Ол қызметінен кетуі керек, біз бұған қол жеткіземіз, — деді Аслан Өтепов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық