«Оралдағы текетірес. 1991 жыл»: БҚО-да казак сепаратизмін қолдаған КГБ-ның жоспары жарияланды
Фото: Артур Нығмет / Facebook
1991 жылғы Орал оқиғасының кезекті атаулы күніне орай жазушы әрі қоғам қайраткері Артур Нығмет өзінің «Оралдағы текетірес. 1991 жыл» («Противостояние в Уральске. 1991 год») атты кітабынан үзінділерді жариялап жатыр. Бұл кітабында ол КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) Қазақстанның батысында казак ұлшылдарын тікелей қолдап, сепаратизмнің өршуіне септескенін әшкере етті, деп хабарлайды Orda.kz.
1991 жыл. Былай қарасаң, кеңес одағы ыдырап, азаттықты аңсаған елдер бөркін аспанға атып жатқан кезең секілді көрінеді. Дегенмен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін отарсыздану процесі әлі жүріп жатыр.
Қадірлі оқырман, сондай арпалысқа толы алғашқы жылдары нағыз нарқасқа азамат ретінде әрекет еткен Нәжмеден Ысқалиев жайлы публицист Артур Нығметтің жазғанына назарымыз ауды.
1991 жылы Оралда казачестволық қозғалыс күшейіп, олар автономия құруға, тіпті «Приуральск республикасын» жариялап, батыс өңірлерді Ресейге «қайтару» талабын көтерді. Өздері Қазақстанда тұрып, «Приуральск республикасын» құруды көздегендер – оралдық казактар болатын. Олар өздерінің 400 жылдық мерейтойын «тарихи дәстүрді жаңғырту» деп қабылдап, соның аясында автономия, тіпті Ресейге қосылу туралы талаптар қоя бастады. Ал қазақтар бұл әрекетті Қазақстанның жер тұтастығына төнген қауіп екенін түсініп, қарсылық танытқан.
Орал облыстық УКГБ-сының бастығы Червяков казактарға ашық көмектесіп, олардың қарулы топ құрып жатқанына көз жұма қараған, сепаратизм қаупін жоққа шығарған. Мәскеуде, КПСС Орталық Комитетінде, казачествоны «қайта түлету» әрекетін «демократия», «тарих алдындағы әділдікті қалпына келтіру» деп бағалады. Бұл тікелей Қазақстанның азаттығы мен аумақтық тұтастығына төнген қатер еді.
Осы кезде облыстық кеңес төрағасы Нәжмеден Ысқалиевтің нартәуекелге барғаны жайлы «Оралдағы текетірес.
1991 жыл» атты кітабында жазылған. Ысқалиев КГБ басшысы Черняковтың казактарды қолдап отырғанын әшкерелеп, тәуекелге барды. Ол құпия жазбаларды Мәскеуге дейін жеткізіп, КСРО КГБ төрағасы Крючковқа тапсырды. Соның нәтижесінде Червяков қызметінен алынып, Оралға арнайы комиссия жіберілді.
Бұл оқиға елдің тұтастығын қорғаудағы күрес, сол кездегі билік ішіндегі тартыстар мен тәуелсіздіктің алғашқы сын сәттерінің бірі десек артық айтқандық емес.
«Оралдағы казактардың әрекеті мен оған облыстық КГБ бастығының араласуы туралы Ысқалиев бірден Назарбаевқа, кейін Мәскеудегі басшылыққа баяндаған. Соның нәтижесінде Оралға КГБ жұмысына тексеріс жүргізетін арнайы комиссия жіберілді», — деп жазылған кітапта.
1991 жылы Оралда казачестволық сепаратизмге байланысты өткір ұлтаралық әрі саяси қақтығыстар болды. 15 қыркүйекте қалада Орал казачествосының 400 жылдығына арналған ауқымды мерекелік шара өткізілгелі жатқан. Казак ұлтының белсенділері мен жетекшілері дәстүрлерін жаңғыртып, автономия құру жайлы мәселені көтере бастады. Бұл үдеріске қазақ халқының ұлтжанды азаматтары жаппай қарсылық танытып, шерулер ұйымдастырды. Қақтығыстар болып, казактар шегінді. Оралдағы текетірес — қазақ халқының аумақ тұтастығы мен тәуелсіздігі үшін болған күрес ретінде тарих беттерінде қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық