Оралдағы полиция басқармасы ғимаратында полицей өз-өзіне қол жұмсады
Оралдағы полиция ғимаратында 3 желтоқсан күні, сағат 8:00 шамасында 20 жастағы қызметкерге оқ атылды. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.
«Мой город» ақпараты бойынша, 2001 жылғы сержант полиция басқармасында күзетте тұрған. Қазіргі уақытта басқа мәліметтер нақтылануда.
– Мен ештеңе білмеймін, – деп жауап берді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі Аманғалиева.
БҚО прокуратурасы бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады. Айта кетейік, Орал қаласының полиция басқармасына сағат 11:00-де журналистерді брифингке шақырылды. Бірақ кейін брифинг болмайтын болды.
Қазір оқиға орнында криминалистер мен жедел уәкілдер жұмыс істейді. Бірақ олар әлі түсініктеме бермейді. Тәртіп сақшылары кіреберіске жақындауға рұқсат бермей, қоршап алды. Бірнеше қызметкер аумақты металл детектормен айналып өтті.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, төтенше жағдай үшінші желтоқсан күні сағат 7:40-та болған. 20 жастағы полицияның кіші сержанты табельдік қару алып, Орал полиция басқармасы ғимаратындағы жауынгерлік бекетте өзін-өзі өлтірді.
Ол БҚО тумасы, ішкі істер органдарындағы қызметін 2021 жылдың мамыр айынан бастаған. Осы лауазымында 2021 жылдың тамыз айынан бастап қызмет еткен. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет өткерген.
«Атқарып отырған лауазымында жұмыс істеген уақытында өзін оң жағынан көрсетті. Жұмыс режимін сақтап, жұмысқа кешікпеді. Қызмет ету кезеңінде жазалары жоқ. Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, барлық себептер мен мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады» деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
ҚР ҚІЖК 201-не сілтеме жасай отырып, ведомство өзге ақпаратты жария етпеді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келсе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен ғана мүмкін деп танылатын көлемде жария етіледі».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық