Оралда салықшы пара алғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: oqu.news
Облыстық Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманына 40 млн теңге көлемінде пара алмақ болды деген айып тағылды.
Бұл соманы Рауан Жексенғалиев кәсіпкерден салықтық тексеруден кейін оң қорытынды шығару үшін талап еткен. Антикорға арызды Оралдағы сауда үйлерінің бірінің директоры жазған.
Үкімді судья Шара Зайнуллина шығарды.
«Сот тергеуі барысында Жексенғалиевтің кінәсі толық дәлелденді. Сотталушының өзі кінәсін ішінара мойындап, алдау арқылы төрт миллион теңге алғысы келгенін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз сауда үйінің директоры Жаманғариннен келіп түскен, ол ДГД бас маманы Рауан Жексенғалиев одан 40 млн теңге пара талап етіп жатқанын айтқан» деп жазды «Мой город» басылымы судьяға сілтеме жасап.
Сотталушы Рауан Жексенғалиев «Пара алуға оқталу» бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, сот оған өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салды.
Сотталушының туыстары мен адвокаттары бұл шешіммен келіспейтіндерін, үкімге шағымдануға ниетті екендіктерін жеткізді.
— Іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан өрескел процессуалдық бұзушылықтар мен арандатушылық орын алды. Іс бойынша ешнәрсе дәлелденген жоқ, айып тек Жаманғариннің (жәбірленуші) берген куәлігіне негізделген. Хаттамада оның өзі Жексенғалиевті арандатып, бірнеше рет кездесулерге шақырғаны, тіпті ұсталған күні телефон соққаны да көрсетілген. Біз міндетті түрде шағым түсіреміз,- деді сотталушының адвокаты Гүлдерай Ғазизова.
Рауан Жексенғалиеваның әпкесі Динара ағасы Жаманғаринмен 30 жылдай дос болғанын, тіпті бір-бірін ағайынды дейтіндерін айтқан.
«Оны мұндай қадамға баруға не итермеледі, мен білмеймін. Бәлкім, оның лас істеріне көз жұмады десе керек. Жаманғарин бірнеше рет куәлігін өзгертті. Сот бәріне көз жұмып отырды, прокурор айыпты ештеңемен дәлелдей алмады. Ағамның кінәсі дәлелденген жоқ, оны біздің адвокаттар да дәлелдеді» деді Динара Жексенғалиева.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде шағымдануға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық