Оралда мектеп оқушысын сыныптастары соққыға жығып, мүгедек қылды
Фото: freepik.com
Орал мектептерінің бірінде сыныптастары оқушы қызды ұрып-соғып, телефонын сындырды. Соққы салдарынан мектеп оқушысы мүгедек болып қалған, деп хабарлайды Orda.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
5-сынып оқушысының анасы сыныптастары қызын артық салмағы мен көзілдірік таққаны үшін шеттететінін айтты.
Ал қыздың соққыға жығылғанына бір ай болған, бірақ әлі күнге дейін ешкім жазаланбаған. Анасының айтуынша, қыз мектептен жылап келген, телефоны сынған. Бірақ не жағдай болғанын анасына айтпаған. Кейін анасы сыныптас достарынан сұрап білген.
«Оны сыныптастары ұрып-соққан екен. Үшеуі ұрған, тағы екеуі телефонды алып, доп сияқты бір-біріне лақтырып ойнаған. Қызымның миы шайқалған. Басының, қолының және жамбасының жұмсақ тіндері көгерген», - дейді оқушы қыздың анасы.
Кейін әйел полицияға арыз жазған. Бірақ мектеп меңгерушісінің өтінішімен арызын қайта алған. Бірақ жиналыста бірде-бір ата-ана баласы үшін кешірім сұрамаған.
Оқушы қыздың анасы соққыдан кейін қызының көру қабілеті күрт нашарлағанын айтты. Қызының жағдайына алаңдаған ана қайта арыз жазған.
«Мұның бәрі мектеп қабырғасында болды. Бірақ мектеп те, ата-ана да жазаланбады», - деді әйел.
Мектеп басшылығы оқушылардың қарым-қатынасы түзелгенін, олармен психолог мамандар жұмыс істегенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық