Оралда қайтыс болған судьяның ұлы мемлекеттен 48 миллион теңге өндірді
Орал қалалық сотының судьясы Нұрлан Губашев 2023 жылы 10 наурызда қайтыс болды. 55 жастағы ер адам жұмыс орнында кенеттен өзін жағымсыз сезініп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.
Өлімге әкелген жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясы жұмысқа қатысы жоқ оқыс оқиға, сондықтан тіркеуге жатпайды деген қорытындыға келген. Нұрлан Губашевтің өліміне қан қысымы салдарынан аневризмасының жарылуы себеп болды.
Нұрлан Губашевтың ұлы комиссияның бұл шешімімен келіспей, сотқа жүгінген. Ол судьяның ұлын жалғыз өсіргенін атап өтті. Талапкер әкесінің өлімін қызметтік міндеттерін орындау кезінде болды деп тануды талап етіп, алпыс айлық лауазымдық жалақысы, яғни 48 миллион теңге көлемінде біржолғы өтемақы өндіруді талап етті. Айта кетсек, ол кезде судьяның жалақысы 800 789 теңге болған.
«Жауап алынған тергеу сотының қызметкерлері 2023 жылдың 10 наурыз күні жұмыс уақытында сот отырысының материалдарын қарау кезінде, судья Губашев сот актісін шығаруға кетіп, үстел басына жайғасып, нормативтiк құқықтық актiлерді оқу барысында, кенеттен үстелге сүйенiп, содан соң еденге құлаған, дереу жедел жәрдем шақырылған. Келген жедел жәрдем дәрігері оның қайтыс болғанын айтты. Сондай-ақ, сот қызметкерлері сол кезде сотта өте ауыр жұмыс болғанын түсіндірді» делінген сот шешімінде.
№2 сот іс материалдарын зерделей келе, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады және Нұрлан Губашевтің өлімі Орал қаласының тергеу сотының төрағасы/судьясы лауазымындағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде орын алды деп тану туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен марқұмның ұлының пайдасына 48 млн теңге өндірілуін бекітті.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық