Оралда көз жұмған қыздың өлімі туралы жаңа ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Оралда Анастасия Чернаяның өліміне қатысты сот отырысы басталды. Қыздың жақындары оның жоғалып кеткені туралы былтыр қыркүйек айының басында хабарлап, оны бірнеше күн іздеген. Артынша оның күйген денесін тапқан.
Мой город басылымының хабарлауынша, күдікке Темірлан Аманғалиев ілінген. Бастапқыда бұл іс кісі өлтіру бабы бойынша қозғалса, кейін абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабына ауыстырылды.
Сотталушының айтуынша, ол Анастасиямен несиелік аппарат орнатылған супермаркетте кездейсоқ танысқан. Ер адам көлік айыппұлын өтеу үшін қарызға ақша алмақ болған. Бойжеткен де несие алуға келгені белгілі болды.
«Мен түсінбей тұрдым. Сондықтан жеке куәлігімді оған бердім. Ол ұзақ бірдеңе жасады. Кейін тек 28 мың берілгенін айтты. Ол маған жетпеді. Қыз маған бұрынғы қарыздарымды төлемейінше, одан көп бермейтінін айтты. Ал бұрынғысын жабуға 20 мың теңге жетпей тұрды. Досыма телефон соғып, одан ақша сұрадым» дейді Аманғалиев.
Сотталушының айтуынша, ол марқұмның берген нөмірі бойынша есепшотқа ақша салған (Анастасия Чернаяның әкесінің нөмірі), содан кейін олар сауда үйінің артындағы аулаға кіріп кеткен. Сол жерде ол қызбен оңаша сөйлескен. Бірақ кейінірек айыпталушы Анастасиядан құжатын алуды ұмытып, кетіп қалған.
Есіме түскенде мен оған қоңырау шалдым. Бойжеткен алдымен жұмысқа орналасайын деп жүргенін айтып, кейін есірткі қажет екенін мойындады.
Сау басына сақина тілеп алды
«Сосын мен оған өзім телефон соғып, досымда СК (Скорость препараты) бар, ол қазір әкеліп береді деп өтірік айттым, оған менің жеке куәлігімді әкеліп беруін сұрадым. Мен үйден балалардың шырақтарын тауып алып, оны майда қылып, үгітіп, газетке орап апардым. Мен ол біліп қояды деп ойламадым. Анастасия келгенде біз онымен бірге кіреберіске бардық, мен оған қағазды бердім. Мен куәлігім қайда деп сұрап едім, ол сөмкеде екенін айтты. Оның сөмкесін алғым келді, ал ол тырнап, айқайлады, мен оны шетке лақтырғым келді. Бұлай қалай болғанын білмеймін. Менің өлтіретін ойым болмады, оны өлтіргім келмеді» деді айыпталушы.
Оның айтуынша, Анастасия кіреберістегі пешке басымен соғылып, бірден есін жоғалтқан. Ол қызға дем беруге тырысқанын, бірақ нәтиже шықпағанын айтты.
Кейін Аманғалиев мәйітті көрпеге орап, бос шкафқа салып, қосымша арқылы такси шақырған. Кейін ол шкафты өзінің үйіне Махамбет ауылына апарған.
Бірақ шкафты біреу аша ма деп қорқып, танысына оны қоқысқа лақтыру керектігін айтып, көмек сұраған. Қоқысқа лақтыруға да қорқып, оны айдалаға алып кеткен. Артынша ол қайта осы жерге басқа танысымен оралып, мәйітті сөмкеге салып, Ветелки ауылына қарай апарып, бензин шашып, өртеп жіберген. Ол барлық куәгерлерге ақбөкен етін «лақтырып» жатырмын деп айтқан.
Аманғалиев қамауға алынғаннан кейін өз кінәсін мойындаған. Сот отырысында белгілі болғандай, айыпталушы тергеу барысында қыздың қайда екені туралы бастапқыда ештеңе білмейтінін айтып, бірнеше рет айғақтарын өзгерткен.
Өлтірілген әйелдің анасы Анастасияның есірткі қолданғанын растады. Марқұмның артында кішкентай қызы қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық